Қалта телефоны құрсақтағы сәбиге қауіп төндіреді

 

Ұялы телефондар жатыр ішіндегі нәрестелердің гипербел­сенді болып өсуіне ықпал етеді. Йель университетінің ғалым­дары жүкті әйелдерге гаджеттерге үйір болмауды ескертеді.

Бұл туралы The Daily Mail басы­лымы жазады. Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефондардан және сол тәрізді құрылғылардан тарайтын сәулелену дамып жат­қан шарана миына әсер етеді. Бұл жайт буаз тышқандарға жасалған тәжірибе барысында анықталған. Миға бұлайша әсер етудің сал­дарынан тышқанның балаларын­да гипербелсенділік, мазасыздық пен басқа да ауытқушылықтар байқалған. Телефон сәулелері адам құрсағындағы нәрестеге де тап солай әсер етеді екен.



Бөлісу: