Қалта телефоны құрсақтағы сәбиге қауіп төндіреді
жеке
блог
блог
Ұялы телефондар жатыр ішіндегі нәрестелердің гипербелсенді болып өсуіне ықпал етеді. Йель университетінің ғалымдары жүкті әйелдерге гаджеттерге үйір болмауды ескертеді.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазады. Ғалымдардың айтуынша, ұялы телефондардан және сол тәрізді құрылғылардан тарайтын сәулелену дамып жатқан шарана миына әсер етеді. Бұл жайт буаз тышқандарға жасалған тәжірибе барысында анықталған. Миға бұлайша әсер етудің салдарынан тышқанның балаларында гипербелсенділік, мазасыздық пен басқа да ауытқушылықтар байқалған. Телефон сәулелері адам құрсағындағы нәрестеге де тап солай әсер етеді екен.