Қалайсыздар?
блог
Іздейтін жандардың болғаны бақыт қой. Жоқтығымды байқап ескеріп жүргендерге мың алғыс. «Неге?», «Қайда кеттің?», - деген сауалдарыңыз іздегендеріңіз деп білем. Өзім де сіздерді сағынып қалыппын. Мақсатым жоғалып кету емес еді. Тек солай болып қалды.
Адам баласы шын қиналған кезінде, ішіндегі ала-сапыран күйді ауызбен жеткізе алмайтын халге түседі екен. Айтарға сөз, жазарға әріп табылмайды. Булыққан ызадан, көкірекке қадалған күйініштен ең дұрысы үндемеуді жөн санайды. Осылайша сыртқы әлемге ұмтылған терезесін жауып, іш жаққа телміре кетеді. Менде бар болғаны осы...
Қанша рет оралуға ой болды. Бірақ, еріншектігім ұстап еркімді басып тастай бергені. Дегенмен, Массагетке қайтадан «Қалайсың?», «Қалайсыздар?» дейтін күнге жеттім.
Мен жоқта көп нәрсе өзгеріпті. Ішінде болмасам да, сырттан естіп қуанып жүрмін. Жақсылыққа жаны құмар пендеміз ғой бәріміз. Әйтеуір, аман болғандарыңыз жақсы.
Сонымен қалдарыңыз қалай? Барсыздар ма? Амансыздар ма?