Қалайсыңдар?!

   Қалайсыңдар?! Өткенде интернетке теліпонмен кіріп, жазып едім, тек тақырыбы ғана жарқырап шығыпты. Енді, міне, теліпонды "пікә суайт" арқылы нөтбүкіме жалғап, мүмкіндікті пайдаланып, кірген соң жазып жатырмын. Жағдайым жаман емес, жақсы. Тек өзгерістер өте көп. Жоға, жұмысқа әлі орналасқам жоқ. Жұмыс уайым болды. Жәрар, жаңалықтарыммен бөлісейін...

   Ең басты жаңалығым, бір актрисаға қатты сүйсініп қалдым. "Ғашық болып қалдым, ғашықпын" деген сияқты сөздерді қолданғым келмейді. Бұдан да биік бөлек нәрсе деп айтқым келеді. Бұрын қыздарға ғашық боп, жүгіріп, қолым жетпейтінін соңында ғана білуші едім. Ал бұл жолы ол актрисаға қолым жетпейтінін алдын-ала білемін. Оның кім екені алдағы уақыттарда белгілі болар. Дегенмен, мен ол арудың суреттерін, видеоларын, т.б. нәрселерін мүлдем жинамаймын. Бұл нәрсе қиялға қатты берілгім келмейтінімді білдірер, сірә. Алайда, алдағы уақыттарда "Мен көрген түс" деген прозалық шығарма жазғым келеді. Әрине, оны кітап қып шығару үшін емес. Жәй... өзім үшін. Қарапайым адам сыр-сезімін қасындағы досына айтып, жеңілдейтін шығар. Ал мен сезімімді қаламмен қағазға түсіру арқылы өзімді-өзім босатқым келеді. Ол актриса болғандықтан, Қазақстанның қаншама жігіттері оған ғашық. Бұл - дұрыс нәрсе. Бірақ дұрыс емес нәрсе бар. Ол не? Дұрыс еместігі - қанша адам сүйем деп күйсе де шынайы емес. Тек бір адам ғана барлығынан артық жақсы көреді. Әрине, мен оған басқалар сияқты бірдеңе жасап, сезімімді білдірмеймін. Пьесалар жазбақпын. Көбісін соған арнамақпын. Бірақ бұл жазарымды жәй ғана сезімнің дәмін тату үшін жазғым келеді. Ол қызды байқадым, ол өзі ғана ғашық болған адамға көнбекші. Ал менің қолымнан көп нәрсе келе бермейді. Бәлкім, басқалар менің осы бір әрекеттерімнен сабақ алып, ұнатқан адамдарына қол жеткізу үшін күресер. Ал мен күресе алмаймын. Үндемей ғана өмірімді сүре бермекшімін. Мен ол актрисаға қосыламын, онымен сөйлесемін, т.б. Тек шынайы өмірде емес. Қиялым арқылы жазатын пьесаларымда, т.б. шығармаларымда. Мен осы тұста қатты қателесемін. Мен Алланы ұмытып кеттім. Алла қаласа, мен ол қызбен шынайы өмірде де сөйлесіп, таныс болуым мүмкін. Тек мен ондай батыр емеспін. Ол үшін әрекет жасау керек. Менен, әлбетте, ешкім үлгі ала қоймас. Бірақ мен өз орнымда болғым келеді. Ол қыз, бәлкім, күйеуге де шығып кетуі мүмкін. Ал мен... Мен қиялыммен қаламын.

   Массагетке біраз адамдар қосылған шығар. Бәріне сәттілік тілеймін. Жазбаларыңды әзірге оқи алмаймын. Ренжімессіңдер... Осы күндері "Сәби болғым келеді..." драмасын жазып жүрмін. Алматыға жетсем, сол кезде жазармын. Аман болыңдар!



Бөлісу: