Бүгін сондай ерекше көңілді күн!Неге дейсіз ғой?Бүгін бір айлық стипендиясын бір-ақ күнде бітіретін,лекцияда ұйықтап,сессияда жүгіретін «мәдениетті қайыршылардың» яғни студенттердің төл мерекесі.Құрбы-құрдастарымды шын жүректен құттықтай отырып,алдағы сессиядан сүрінбей өтулерін тілеймін!Ал төмендегі жазба студенттер мен студент болғысы кеп жүргендерге арналады.Қалай үлгілі студент боламыз?Келесі кеңестеріме көз жүгіртіңіздер,бəлкім пайдасы тиер.
Шынайы жəне қарапайым. Кез келген дүниенің алғашқы берер əсері маңызды.Себебі сол алғашқы көрініс жаңа дүние жайында біршама ақпарат береді.Алғашқы күні қатар құрбыларыңызға қалай көрінсеңіз,солай қабылдайды сізді.Барынша шынайы əрі қарапайым болуға тырысыңыз.Себебі,уақыт өте келе бəрібір «бетпердеңіз» ашылатын болады.Екіжүзді өтірікші болғаннан көрі шынайы болу жақсырақ емес пе?Ешкімнің алдында ақталып та жатпайсыз,бір өтірікке екінші өтірікті жамамайсыз!Өзіңізді «көрсеткіңіз» келіп бара жатса əртүрлі үйірмелерге қатыссаңыз да жетіп жатыр.Ол туралы сəл кейінірек.
Сыйластық. Куратор/эдвайзеріңізбен жəне басқа да оқытушылармен арада сыйластығыңыз болсын.Бірінші сабақтан-ақ оқытушының көзіне «қисық» көрінбеңіз!Ешқашан!Сіз сыйлап тұрсаңыз,оқытушы да оң көзбен қарайды.Мектептегі мінезіңіз бен еркелігіңізді мұнда көрсетудің еш пайдасы жоқ.Мектеп-ол мектеп.Балалығыңыз бен шалалығыңыз сол алтын ұяңызда қалды.Жаңа ортаға үйренісу үшін қарым-қатынасты дұрыс құру керек.Тек қана оқытушылармен емес,топтастарыңызбен,жоғарғы курс студенттерімен де арада сыйластық сезімін орнатыңыз.Өкінбейсіз.
Мойынсұну. Жоғарыда айтып өткендей,бар балалық бал дəуреніңіз мектепте қалды.Өзіңізді «үлкен өмірге қадам бастым» деп сезініңіз.Сол үлкен өмірге үйрену үшін бойыңызға біршама жаңа «қасиеттерді» де қосуыңыз керек болады(табиғатыңызға жат болса да).Соның бірі-момын болу.Оқытушы қанша жерден қателесіп тұрса да «сіздікі дұрыс» деп мойынсұнғаныңыз жөн.Қырсығып дауласқаннан ұтарыңыз аз.Ерегессе бағаңызды төмендетіп тастауы да ғажап емес.Себебі ол-оқытушы!
Белсенділік. Кез келген жоғары оқу орнында бірнеше үйірмелер мен ұйымдар жұмыс істейді.Соның ішінен жаныңыз қалағанына жазылыңыз.Белсенділік танытып,көзге көрініп жүрсеңіз университет тарапынан əртүрлі жеңілдіктер мен көмектер қарастырылады кейде.Бағаңыз да жоғарылауы мүмкін.Оның үстіне сіз жассыз.Бағыңызды сынап көріңіз.Студенттік өміріңізді қызықты өткізу өз қолыңызда.Дегенмен белсенді болу осы екен деп үйірменің бəріне жазыла берудің қажеті жоқ.Қабілет-қарымыңыз бен қызығушылығыңызға қарай таңдап жазылыңыз.Əйтпесе оқу жылы басталмай жатып студенттік өмірден безіп кетуіңіз мүмкін)
Ең бастысы оқу. Оқығанда да жақсы оқу!Əр күнгі сабақтың тапсырмаларын уақытылы орындап,дəрістерді қалдырмай жазып отырыңыз,сессия кезінде бармағыңызды тістемес үшін.Сабақты тек жаттап қоймай,мағынасына мəн беріңіз.Жаттанды сөз білім болмайды.Мүмкіндік болса,тəжірибе жүзінде орындап,алған біліміңізді жетілдіріп отыруға болады.Топтастарыңызды бақталас деп қарамай,керісінше білгеніңізді үйретіп,білмегеніңізді сұрап отырыңыз.Қанша дегенмен,4 жыл бойы бір жолды жүріп өтесіздер.Университетті бітірген соң да өмір барын ұмытпаңыз.Арадағы достықты сақтап қалыңыз."Оқу" деп жүріп адамдық асыл қасиеттерден айрылып қалмаңыздар,құрметті студенттер!Мереке құтты болсын!