Қалай көп оқуға болады

Қалай көп оқуға болады
жеке
блог

Қалай көп оқуға болады     

 

1. Кітапты қажет болған үшін емес, рахат алу үшін оқыңыздар. 

Кейде жұмыс бабымен кітап оқуға тура келеді, ол есепке алынбайды. Тек оқитын  кітапты қызықты деп табу керексіздер. Бірақ бұндай жағдайлар өте сирек болады. Сәнді кітаптар да солай. Таныстарыңыз қандай да бір кітапты мақтағандақтан оқисыздар, бітіре алмай, өздеріңізді қинап, өйткенді сәнді кітап қой. Олай болмайды!

 

Менің жолым болды. Мен Харуки Муракамидің «Мен жүгіру кезінде не айтамын» деген кітабын оқып жатырмын. Жұмысыма да керек, өзіме де қызық.

2. Оқу үшін уақыт табыңыз.

Қазір кітап үшін уақыт таба алатын адамдар өте аз. Біз қызметімізге қатысты жүздеген мақала мен әдебиеттерді оқимыз, бірақ жұмысбастылықтан, шешетін мәселенің көптігінен, интернеттегі отырысымыздан, одан қалса сериал көргеннен қолымыз босамайды. Бітуге алыс сериалдың бір сериясын көруден бас тартыңыз. Қазір көптеген электронды оқулықтар көп, оларды көлікте (кептеліс кезінде) де оқуға болады.

3. Оқып жатқан кезде басқа әрекетерге алаңдамаңыз.

Осы жерде электронды оқулықтардың планшеттерге қарағанда басымдылығы бар. Өйткені алаңдататын факторлар жоқ! Менің өз басым планшеттен кітап оқыған кездерімде, қолым поштамды,  Twitter , FB  хабарламаларды тексеруге ұмтылатын. Ал электронды оқулық бізді бұндай азғырушылардан құтқарады. Тек тыныш жер тауып, оқу, оқу, оқу керек.

4. Кітап оқуды шынымен жақсы көріңіз.

Оқу – бұл құдырет. Кітапты шынайы әуестікпен оқу арқылы, өзіңіз үшін көптеген жаңа нәрселерді ашасыз. Кейде жылдап оқитын кітабыңызды парақтағанда, соның өзінде жаңа бір нәрсені табасыздар! Кітап оқу сізді өзгертіп, жаңа іс-әрекеттерге шабыттандырып, жаңа идеяларды табуға мүмкіндік береді.

5. Кітап оқуды әлеуметтік етіңіз.

Кітап оқуды сіз сияқты жақсы көретін адамдарды тауып көріңіз. Виртуалды болса да, өзіңіздің кітап клубын ашып алыңыз. Қазір оқырмандарға арналған көптеген әлеуметтік желілер бар.  Оқу – жалғыз адамға арналған спорт түрі емес, ол командалық та бола алады.

6. Кітап оқуды өзіңіздің жақсы әдетіңізге айналдырыңыз.

Кітап оқу – бұл жақсы әдет қана емес, ол сізді шабыттандырады, мотивациялайды және негізгі бағытты ұстап отыруға көмектеседі. Ең құрығанда 10 минут оқуды әдетке айналдырыңыз. 10 минут табылған жерде, 20 минут, мүмкін одан да көп уақыт табылатын шығар.

7. Кітап оқу – бұл сіздің үй жұмысыңыз сияқты оқымаңыз.

Кітап оқу сіздің Маңызды Істер Тізіміңіздің реттік пункті болмау керек. Сіз қанат белгі (міне, мен осындай оқымыстымын) үшін оқымайсыз, сіз өміріңізді қанық және қызықты ету үшін оқисыз!

8. Кітап жалықтырып жіберсе, одан бас тартыңыз.

Сіз қажет немесе пайдалы болған үшін кітап оқымау керексіз, бірінші кезекте кітап оқу үдерісінен рахат алу керексіз. Кітап оқу – дәрумен қабылдау емес: ашты, бірақ пайдалы дейтіндей. Кітап оқу – бұл рахаттану және көңіл көтеру. Оқу барысында осы сезімдер жоқ болса, дереу басқа қызық кітапты оқуға кірісіңіз. Мүмкін, жаңағы аяқталмай қалған кітаптың өз уақыты келмеген шығар, оны кейінірек оқысыз.

9. Өзіңіз үшін таңғажайып кітаптар ашыңыз.

Алған әсерлеріңізді кітап оқығанды жақсы көретін достарыңызбен бөлісіңіз. Рецензияларды оқыңыз, кітап дүкендеріне кіріп, көзбен шолу жасаңыз. Кейде бұндай жерде қызықты кітаптарды табуға болады. Мүмкін, бұл сәнді емес шығар, бірақ мен қағаз кітаптарды жақсы көремін. Оларды парақтап ашу, иісінің өзі бір ғанибет. Мұның өзінің сиқыры бар.

10. Кітап оқудың жылдамдығына алаңдамаңыз.

Кітап оқу – жарыс емес! Ең бастысы, сіз – ләззат аласыз, осыны ұмытпаңыз! Сіз көп өлең тыңдап үлгеру үшін, жақсы көретін әуеніңізді ортасынан тоқтата салмайсыз  немесе сүйіп ішетін тамағыңызды екі тістеп бітірмейсіз ғой? Кітапты да солай: баяу оқыңыз, бірақ әр абзацтың дәмін татыңыз.