ҚАЛАЙ ЕРТЕ ТҰРУҒА БОЛАДЫ

Қалай ерте оянуға болады ?

Жауап қарапайым осы мақалада қалай таңғы 05:00 оянуға болады. Өз тәжірибе мен бөлісетің боламын.

1. Таң сәріде тұруды жоспарлаған болсан ең алдымен ерте ұйықтауды жоспарлау қажет. Себебі адам күніне кем дегенде 7-8 сағат ұйықтауы керек. Егер сіз түнгі 02:00 де ұйықтасаныз таңғы 05:00 те тұруды армандаманыз. Тұрғаннын өзінде қажетті энергия болмай күні бойы шаршап істеген ісіннен берет кетеді.

2. Ұйқыға жатар алдында 2-3 сағат алды тамақтануға, жаттығуға, салқын душ қабылдауға көп мөлшерде суда ішуге болмайды. Себебі картизол ұйқының сапасын жояды. Өзіңізді ерте тұруға психологиялық физикалық тұрғыдан дайындаңыз. 

3. Жатын бөлмені дайындау температура 18−20°C болуы төсек ынғайлы жұмсақ жарық сәулесі жоқ болы керек. Мелатонин гармоны тек қаранғыда ғана бөлінеді.

4. Оятқышты бір уақытқа бір рет қоямызда атып тұрамыз немесе өзіне сұрақ қой (Басқа адамдар ұйқыдан оянбай қалды мен ояндым мақсатыма жету үшін дәл қазір тұруым керек. Мен бүгін күнімді тиімдірек өткізетің боламын және бақытты) Осылай жасасаныз міндетті түрде орныныздан тұратын боласыз.

5. Егер сіз күні бойы отырып шаршамаған болсаныз. Кешкі серуенге шығыныз қан айналымы жақсарып ұйқыныз тәтті болмақ.

6. Ертеңге жоспар құрыныз бірақ ұйқыға жатқан сәтте оны ойламаныз ештенені ойламауға тырысыныз сонда тез ұйықтайтын боласыз.

7. Таңертең төсектен қуанышпен секіру үшін секіретін нәрсе болуы керек.  Сондықтан ерте тұруға ынталандыратын нәрсені табыңыз! Арманда мақсат қой жоспарла орында.

8. Мүлдем ұйқы келмейді десеніз ішінізден сананыз шалқадан жатып денені бос ұстаныз. Ұйқы келмесе ұйықтама әрі кетсе 1-2 күн сосын шаршап қалай ұйықтағанынды білмейде қаласын.

9. Жарты сағат алды телефонды қойыныз жағымсыз ақпарат, жаналық қарауды қойып медитация, кітап оқу, жоспарлауға жұмсаныз.

10. Таңертен таңғы 05:00 тұрам дедін ба ? Шаршап жатсан да, аурып жатсан да, өліп бара жатсан да тұр. 

Есінде болсын күнделікті кішкентай қадамдар ерік жігерді қажет етеді. Тұрақты қайлатап отырсан ол сенің әдетіне әдетін тағдырына айналады осыны естен шығарманыз. 



Бөлісу: