Қалай бортсерік(стюардесса) боламын?
блог
Егер сіздің жауапкершілігіңіз жоғары болса,өз ісіңізді тиянақты әрі нақты атқарсаңыз адамдармен жақсы қарым қатынаста бола алсаңыз сіз ,,бортсерік” болуға үлкен мүмкіндігіңіз бар.
Бортсерік ол әуекомпанияның айнасы болғандықтан талап қатал.Әлемдік стандарттарға сай болуыңыз міндетті.
Қалай бортсерік боламын деген ой туындаса мен сіздерге тізіп көрсете кетейін:
• Қазақ тілін білу;
• Ағылшын тілін жетік білу;
• Қытай және түрік тілдерін білу абзал;
• Қызмет көрсету саласындағы еңбек тәжірибесінің болуы абзал;
• Ер адамның бойы 170см кем емес, әйел адамның бойы 165 см кем емес;
• Келбеті сымбатты;
• Ерлер үшін әскери билетінің болуы қажет;
• Түйіндемеңізде толық бойыңызбен түскен фото сурет болуы керек;
• Қазақстан Республикасының азаматтығы.
• Бортсерік» мамандығына қойылатын талаптардың барлығына сай болсаңыз, сізге job.airastana.com сайтта тіркелуіңіз керек.
Сәттілік!