Қалай баюға болады?

Қалай баюға болады?
жеке
блог

Әлбетте, бәріміз көп ақша тапқанды қалаймыз. Ақша үшін адамдар не істемейді десеңші... Өтірік-айлалармен біреулерді ақшаға "лақтырып" кетеді немесе бір қулықпен бірдеңе ғып байып жатады. Бірақ, ақша қалай келсе, солай кетеді деген де сөз бар. Ақша - қолдың кірі дегенмен, ақшасыз өмір сүру мүмкін емес. Қайда барсаң да, алдымен төлейсің, кейін ғана дегеніңді аласың. "Богатый папа, бедный папа" кітабында, сен ақшаға емес, ақша саған жұмыс істесін дейді. Әрине, бұлай деу оңай. Алайда, ақшаны өзіңе қалай жұмыс істетесің? Автордың айтуынша, біз бір цикл бойынша жұмыс істейміз, біреу бізге жұмыс ұсынып, көп жалақы береді, біз соған қуана келісеміз. Кейін екінші біреу жалақыңды жоғары етемін деп, тағы ұсыныс жасайды, біз одан сайын қуанып, соған келісеміз. Солай біреулер жасаған циклде айналып жүре береміз. Алайда, өміріміз өзгеруі екіталай, сол баяғыша ақшамыз жетпейді, мойнымызда несие бар, шалқып кете қоймайсың.

Бірақ, осы ақша табудың бір амалын тауып, байып жатқандар да аз емес. Көшеде, байқасаңыздар, көбінде джип машиналар, одан қалса арзан емес Тайоталар, тіпті құны жүз мыңдаған доллардан асатын Бентлилерді де кездестіруге болады. Халықта ақша бар, бірақ қайдан? Мені осы сұрақ толғандырып тұрады.

Ақша жинаудың бір амалы бар, депозитке салу. Оны да бір ай салсаң, екінші ай басқа қажеттіліктеріңе жұмсайсың да, тәртіпті түрде жинап тұруға кірісе алмайсың. Кіріскен күннің өзінде де, бір жыл, екі жылда байшекеш болып шығуың екіталай.

Жалпы, баюдың амалдары жайлы сөз қозғағым келеді. Кім қалай ақша жинайды? Жалпы жинайсыздар ма?