Қалар атың мынау жарық жалғанда, Қайырымды сөз, қайырымды ісің қалғанда.

Қазақстандық жастардың алып жатқан, қарттардың беріп жатқан тәрбиелері әбден оңалып бір арнаға толасқандай. Дұрыс өмірге сүруге талпынған жандарды көп көремін бүгінде. Әдеби кітаптарды ақтарып отырып арасынан мына бір өлеңді тауып алдым. Бұл өлең жастарды қайраттауға, оларға кішкене болсада дұрыс сөйлеуге көмектесер деген мақсатпен жариялауды жөн санадым.

Айтар болсаң, әр ойыңды қадап айт,

Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.

Бір сөзбен-ақ ұлы болып шығарсың,

Көп мылжыңмен күлкі болып шығарсың,

 

Әр сауалың асыл болсын жасындай,

Ауыр тисін диірменнің тасындай.

Надан-мылқау, даңқың қалар соңында,

Көзі нашар, соқыр-мылқау болса олар.

 

Басың болса, даңқың қалар соңында,

Ізің қалар, хатың қалар жолыңда.

Өсек-өтірік қор қылмасын тіліңді,

Телитін тіл санаңа әкеп білімді.

 

Білер болсаң, мен айтайын ашығын,

Тіл кесілсе, ес кетеді бірінен.

У менен тең зәрлі сөзі наданның,

Күйе-жала-қаны зұлым адамның.

 

Ойлы сөзді, құлақ құрышын қандырар,

Білім ғана, май құйғандай жандырар.

Қорға жұртты, қорғағандай арыңды,

Тіл тигіздің-байлағаның бағыңды.

 

Қалар атың мынау жарық жалғанда,

Қайырымды сөз, қайырымды ісің қалғанда.

Өлсең бір күн, күлге айналар тәнің де,

Сөзің қалар тілі бардың бәрінде.

 

Өсет еттім сәулесі бар пендеге,

Зеріккенен емес, түйгін зердеңе.

Ел аралап, сырын ашсам білімнің-

Сол ғана арман-мәні күн мен түнімнің.

Түпті білмеу-одан асқан сор болмас,

Білер болсаң-одан даңғыл жол болмас.



Бөлісу: