Қаланың у-шуы

Қаланың у-шуы
жеке
блог

Осы қала ішінде жүрсең сәл уақыттан соң адамды шаршатып жіберетін у-шуы адамды мезі етеді. Ең бірінші адамға әсер ететін жағымсыз дыбыс ол автобустардың сигналы (Воздушный сигнал) адамды секіртіп шошытады дәл қасыңа келіп. Енді қазір жастардың өзі жеңіл автокөлігіне осындай сигнал салып алып қаланың жағымсыз дыбысына тағы дыбысты қоса түсуде. Жалпы базар маңы болсын басқа көшелер болсын осы қатты шығатын жағымсыз сигналды бермей-ақ автокөлік айдауға болады, сол қатты дауыстан жол ашып беріп жатырған ешкім жоқ барлығы өз ауанымен жүріп жатыр бәрі-бір. Өзіңіз ойлаңызшы, автокөлігіңізбен кептелістен шыға алмай жатырсаңыз немесе жиекте тұрып жолға шыға алмай жатырған тсс жерлерде артыңыздан бір көлік келіп дабылдатып тез жүріп кетсей деген сөз сиақты мазаңды алады. Ал сіз қатты сигналдан  жолыңыз ашыла қалмайды бәрі-бір сол ашылған уақытта жүріп кетесіз, сонда адам шошытар жағымсыз өте қатты сигналдардың сол қала ішінде кімге пайда беріп жатыр екен? Негізі дамыған елдерде қалаға кіре берісте қатты сигналға тыйым салынған белгі тұрады деп естідім. Сізде көлік айдағанда осындай қатты сигнал салып алып алдыңыздан бір көлік жолыңызға тұрып қалса адамдардың мазасын алып дабылдата берер ме едіңіз?