Қаланың қызы (әзіл өлең)

Қаланың қызы (әзіл өлең)
жеке
блог

Менімен бірге жүрмейсің, 

Көзіңе де ілмейсің

Сылқым қызы қаланың

Қадірімді білмейсің

 

Менсінбейсің сен мені,

Ауылдың қара баласын.

Түсірмеймін еңсемді

Бәрібір мендік боласың

 

Уәде бердім аялап,

Күлімдетіп көзімді

Ауылдың жаны саябақ

Қыдыртам деп өзіңді

 

Бақшада түнде қыдырттым

Айды әперем саған деп

Керегі жоқ, ай дедің

Түнгі клубқа барам деп

 

Бақтан жинап гүл бердім,

Жақсы қалсын әсер деп

Гүлімді бетке лақтырдың

Алтын жүзік әпер деп

 

Ақшам бітсе қалтамда

Жоламайсың, қашасың

Бола қалса жымиып,

Оңды-солды шашасың

 

Дәл үйіңнің қасында

Күте тұршы дегенсің

Аямайсың расында

Тас жүрек қыз екенсің

 

Шықтың асқақ сезіммен

Темір тұлпар астыңда

Таса болдың көзімнен

Жылдамдықты бастың да

 

Айдай сұлу серімін

Қаланың қызы не теңім

Ренжіте берсең сен бұлай

Ауылыма кетемін!!!