Қаламыздың табиғатына қамқор болайық!

Алматы қаласында көлікпен жүрмейтін адам жоқ шығар. Ал жүретін адамға кей кезде такси ұстап бару артығырақ. Бұның себептері де ешкімге сыр емес. Таңертең, кешке болып тұратын жол кептелістері, автобуста лық толы адамдар, жүргізуші аялдамада біраз уақыт бөгеліп тұрып қалуы мүмкін. «Неге жүрмейміз» деп сұрасаңыз «уақытпен жүріп келе жатырмыз» дейді. Жұрттың «жұмыстан қалып барамыз» деген наразылығына «таксимен жүріндер» деп жауап қайтарады. Таксидің өзімен жүрсеңіз де, жол кептелісінде тұрып қаласыз. Кептелістен тезірек шығамын деп, кейбір жүргізушілір басқалардың алдына шығады, өзге жол табуға тырысып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Соның кесірінен кептеліс те ұлғая түседі. Қанатым шықса екен деп те армандайсың.

 Жол кептелістері онсыз да Алматының ластанған табиғатын ластайды. Ауаға көп мөлшерде адам ағзасына зиянды заттар бөлінеді. Егер қалада велосипед тебетін жолдар көп болса экология да біраз жақсарар еді. Жұмысқа, сабаққа, жай қыдыруға велосипедпен бару денсаулыққа да пайдасын әкелер еді.

Бірақ, өкінішке орай, велосипед тебетін жол қалада тым аз, ал көлік көп. Осыны біле тұра адамдар кез келген жерге түкіріп, қоқыс тастамаса болар еді. Бұл әр адамның қолынан келеді деп ойлаймын. Қалада қоқыс тастайтын жәшіктер көп болғанымен, жұрт оларға назар аудармайды, кез-келген жерге тастай салады.

Өзіміз, отбасымыз, балаларымыз, болашақ баларымыз өмір сүріп келе жатқан, балалық шағы өтетін қаланың табиғаты біздің де қолымызда. Осыны ұмытпайық.



Бөлісу: