Қаламгерлер хақында.

                                        Сәлем,Массагет! Қалайсыздар,қауым!

Жуырда құрбым "АҚЫЛДЫҢ КЕНІ" атты ұлағатты сөздер мен ұтымды ойлар топтастырылған кітап сыйлаған еді. Кітап "Ана тілі" баспасынан (2008ж) шығыпты. Жинаққа әр дәуірде өмір сүрген әлемнің ұлы ойшылдары мен көрнекті қоғам қайраткерлерінің ой-пікірі белгілі бір тақырыптық жүйемен берілген екен. ХІ тараудан тұрады. І тарау: "Өнер саңлақтары" деп аталған. Мен алғашқы тарауда өзіме ұнаған ой-пікірлерді Массагетке жариялауды жөн көрдім... Қабыл алыңыздар!

1.Қағазға түспеген ой-жоғалған қазына. Д.И.Менделеев

2.Жазушы деген сөз қалаушысы, сөз кестешісі, сөз зергері, зергер болғанда жай ғана зергер емес, сөз арқылы адамның жан дүниесін,сана-сезімін тәрбиелейтін зергер. Срндықтан да ол «адам жанының инженері». С.Сейфуллин

3.Жазушының бір ғана ұстазы бар-ол оқырман. Н.В.Гоголь

4.Жазушы-үлкен жүректің адамы. Жайбарақат адам жазушы бола алмайды. П.Л.Павленко

5. Жазушы-қоғам қайраткері. Егер қателессе жұртты теріс жолға сілтейді. А.Барбюс

6.Ақындар өзара ұқсастығымен емес, өзгешелігімен қызық. А.Л.Блок

7.Ақын халықтың ең сүйкімді,ардақты адамдарының қатарында тұрады. Сәбит Мұқанов.

8. Жазушы-заманының айнымас барометрі. Г.Гидал.

9. Ақындық сезімі қозғар жердің «басы аяғы» дейтін айырмасы жоқ деп білем. Мұхтар Әуезов.

 

Маған бұл пікірлер ішінен қатты ұнағандарын қызыл түспен белгілеп қойдым.

Ал,Сізге қайсысы ұнады? Сізді ойға орады?



Бөлісу: