Әр адам белгілі бір мамандықты меңгеріп,сол кәсібінің көзін тауып еңбек етеді.Бізге белгілі дәрігіер,мұғалім,есепші,инженер,ғарышкер сынды 600-ден астам мамандық түрлері бар.Аталғандар көпшілікке таныс мамандық иелері.Ал қаламгер туралы кім не біледі?
Қаламгер мамандық иесі емес.Одан да биігіріек саты.Себебі қаламы-қаруы болған,ақ қағаз-шабытының көзге көрінер тұсы іспеттес,ақыл-ойы қиял әлеміне жетелейтін қаламгерлер шығармашылықтың адамы,сөз құдіретінің шебері,тілмен өрнектеп,көркем оймен көмкеретін кәсіп иесі.
Әркімнің арманы бейнетінің зейнетін көру.Ал қаламгер арманы қаншалықты асқақ?!Жазу үстелі, қара сия ақ қағаз,терең ой,тыным бермейтін сан түрлі сұрақ.Жазуды жанына серік еткенде кейде шабыты шеңберінен аса шалқыса,кейде мардымды сөз,тұшымды ой тумай,тулап,тоқырап қалатын кездері болады.Сондайда ойды ой жалғап,қара сөздің құдіреті жүрек жылытар,селт еткізер тұтас бір бөлек әлемге ұласқанда ғана қаламгердің қаншама күн,ай тіпті жылдар бойы тауысқан көз майы зая кетпек емес.
Қандай да болмасын туындыны қолға алып оқығанда автор қандай көңіл күйде болғандығын,қалай жазғанын,ойын,сезімін аңғаруға болады.Ішкі сырын,қиялы мен ойын ақ қағаз бетінде әдемі өрнектеген қаламгер арманы-шабытының бейнесі болған туындыны қолына алған әрбір оқырманды сөз құдіреті арқылы сезім көгіне жетелей отырып,өмірлік тәлім,рухани нәр алуын қалайтын шығар,бәлкім...