Қалалық:
– Алло, досым қайдасың? мен қазір ауылдарыңа бара жатырмын, жанымда екі-үш ағайыным бар еді.
Далалық:
– Аман-есенсіңбе? кезікпегелі көп болды-ғой, жәрәйді, жәрәйді, келіңдер, мен қазір ауылға кірер жолда сендерді тосамын, жәрәйсің досым, ауылға ат басын бұрғаныңа рақымет.
Далалық кеште мал сойып ет асты, оларды Айран-сүтпен, ауылдың бауырсақ, сармайымен қарсы алды, оларды неше күн асты-үстіне тұсып күтті.
Бір жылдан кейін далалық:
– Оу досым, амансыңба? мен біраз сырқаттанып қалаға келіп едім, қазір қайдасың?
Қалалық:
– Я, қалайсың? досым мен күндіз қызметте едім, саған кеште хабарласайын.
Кеште далалық қалалыққа телефон жалғады, телефонда ;
<<Кешіріңіз, сіз соққан телефон сөндірулі болмаса біраз тұрып қайта жалғаңыз >>.
Жеті-сегіз рет жалғап, көңілі әбден қалған далалық екі-ұш күн қонақжайда болып, ауруын емдетіп ауылға қайтты, жолда ;-ай, аңқау, салт-дастүрін бұзбаған аңқылдақ, ақкөңіл далалық қазақтарым-ай,-деді кең бір күрсініп !