Қалалық пен далалық

Қалалық пен далалық
жеке
блог
 
Қалалық:
– Алло, досым қайдасың?  мен қазір ауылдарыңа бара жатырмын, жанымда екі-үш ағайыным бар еді. 
Далалық: 
– Аман-есенсіңбе?  кезікпегелі көп болды-ғой, жәрәйді, жәрәйді, келіңдер, мен қазір ауылға кірер жолда сендерді тосамын, жәрәйсің досым, ауылға ат басын бұрғаныңа рақымет. 
Далалық кеште мал сойып ет асты, оларды Айран-сүтпен, ауылдың бауырсақ, сармайымен қарсы алды, оларды неше күн асты-үстіне тұсып күтті. 
Бір жылдан кейін далалық: 
– Оу досым, амансыңба?  мен біраз сырқаттанып қалаға келіп едім, қазір қайдасың?  
Қалалық: 
– Я, қалайсың?  досым мен күндіз қызметте едім, саған кеште хабарласайын. 
Кеште далалық қалалыққа телефон жалғады, телефонда ; 
<<Кешіріңіз, сіз соққан телефон сөндірулі болмаса біраз тұрып қайта жалғаңыз >>.
Жеті-сегіз рет жалғап, көңілі әбден қалған далалық екі-ұш күн қонақжайда болып, ауруын емдетіп ауылға қайтты, жолда ;-ай, аңқау, салт-дастүрін бұзбаған аңқылдақ, ақкөңіл далалық қазақтарым-ай,-деді кең бір күрсініп !