Қалағаның бола бермейді-ау

Кейде бәрі керісінше кетеді. Барлық ісің кері,теріс жүреді.  Махаббатта да солай. Сен біреу үшін қол жетпес армансың, шыға алмас шыңсын, баға жетпес қазынасың. Барлық тұрғыдан идеалсың ол үшін. Ол саған қолын жеткізуге бәріне де бар. Мейлі суға баста да, басын тасқа ұрса да саған жеткісі келеді. Ал сен үшін басқа бір шың бар. Сен жетпеген, әрине. Жете алмай жүрген... жеткізбейтін. Сол сен жетпеген асқар, сенің тырысқан барлық әрекетіңе пысқырып та қарамайтынын біле тұра тырмысасың.Сен біреуді, сені біреу менсінбейді.

Шыңға қарап шырылдай бергенше бір уақыт артыңа да қара. Мүмкін сен іздеген идеал қасиеттер ода да бар шығар. Тіпті... тіпті одан артық қасиеттерді таба аларсың. Ал таппай жатсаң екеуіңнің түсінушіліктеріңнің арқасында жақсы қасиеттер туындап та кетер. Ол да сенен күдер үзіп теріс бұрылмай тұрғанда ойлан, ой елегінен өткіз, сарала. Өзіңді құрметтеп, алақаныңда аялайтын адамды жіберіп алмауға тырыс.

 

Кімге ақыл айтып отырғанымды өзім де түсіне алмай қалдым ғой



Бөлісу: