ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҢЫРАУ

-Алло, Жаным? Бұл мен ғой...

- Біліп тұрмын.

- Қалай екен жағдайы, Қылықтымның?!

- Жаман емес.. Өзің ше?

- Сағындың ба?

- Сенсіз, сенсең... Сабағы сынық Гүлмін...

- Қойшы, сәулем... Жүрегім сыздап тағы,

Сені ойладым...

-        Мені де Күз қақтады...

-        Кеш қоңырау шалдым ба?.. ренжімеші,

Кеш жүреді сағаттар біз жақтағы...

-        Сені қашан көремін?!

-        Күйік Түннің

Құшағында беймәлім күй ұқтырдың...

Алло?! Жаным, қайдасың? Неге үнсізсің?

- Мен сенің... Дауысыңды сүйіп тұрмын...



Бөлісу: