ҚАЛААРАЛЫҚ ҚОҢЫРАУ
жеке
блог
блог
-Алло, Жаным? Бұл мен ғой...
- Біліп тұрмын.
- Қалай екен жағдайы, Қылықтымның?!
- Жаман емес.. Өзің ше?
- Сағындың ба?
- Сенсіз, сенсең... Сабағы сынық Гүлмін...
- Қойшы, сәулем... Жүрегім сыздап тағы,
Сені ойладым...
- Мені де Күз қақтады...
- Кеш қоңырау шалдым ба?.. ренжімеші,
Кеш жүреді сағаттар біз жақтағы...
- Сені қашан көремін?!
- Күйік Түннің
Құшағында беймәлім күй ұқтырдың...
Алло?! Жаным, қайдасың? Неге үнсізсің?
- Мен сенің... Дауысыңды сүйіп тұрмын...