ҚАЛА. "КЕШІР". КӨЛЕҢКЕ
жеке
блог
блог
Жалықтырып, солықтырып Жалған. Сор...
Өзегінен тепкендей боп өр өлке:
Көңілінде күні сөніп қалған соң,
Көше бойлап келе жатты Көлеңке...
Жүрегінен уайым ағып, жас толған...
Бүгін оның Арына үкім кесілмек...
Біреу жазып кетіпті, әне, тас жолға:
«Кешірші» деп.. «Кешір» деп...
«Біз екеуміз.. Әлемдегі қос нүкте,
Қосылдық та леп белгісін құрадық...
Енді менен есі дұрыс Ес күтпе,
Кетті ақылды Мұң дейтін бір ұры алып...
Қалайды тән..
Бөлінгенмен ой мыңға,
Оны өзіме бағындыру.. Жарты әлек,
Біз екеуміз қара түннің қойнында,
Ақ сезімді бөліп алып.. тарқап ек.. Кешір..»
P.S.: Жаралы еді Ол.
Жауапсыз қап сұрағы,
Қала тағы салып жатыр азулы ән.
... Кеші күлген көше.
Жалғыз тұр әлі,
Аттай алмай «Кешір» деген жазудан...