Қақпа алдында кезедсу
блог
Ақтау қаласындағы Тергеу изоляторында «Қақпа алдында кездесу» өтті.
Бүгін, 2021 жылғы 12 наурызда Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінен үлгілі мінез – құлқы және адал еңбегі үшін 1989 жылы туылған сотталған Б.О.Алеуов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді.
Сотталғанмен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге «Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы» қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау филиалының заңгері Р.Ф.Абкадыров, Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ жұмыс берушілермен жұмыс жасау бөлімшесінің басшысы А.Сабитов, Мұнайлы аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры О.Ахов, Маңғыстау облысы бойынша АНОО «Ақниет» теолог консультант А.Тыныштықов, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық пробация бөлімінің қызметкері әділет аға лейтенанты К. Нұрлыбаева шықыртылды.
Іс-шара кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау органдарында есепке қою және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.
Бостандыққа шыққан сотталған Б.Алеуовті, ГМ-172/10 мекемесінің қақпасының алдында, туыстары мен достары қуана қарсы алды.
ГМ-172/10 мекемесінің
Бөлімінің бастығы әділет майоры
Г.В. Вебер