Как там твоя ангина?
блог
Қуанышты едім ғой... кеше .... түнде... таңертең... түсте....
Кейде ақылды сияқты көрінем, бірақ өте қарапайым істерді түсінбеймін...
Кейде қатты қуанамын, қуанышымды көрсете алмаймын...
Тек ренішімді көрсету үшін, бар күшімді саламын. Кейін не болатынын ойламай кетемін...
Бүгін бір ай. Ерекше қуанышқа, сезімге, арманға, еркелікке, мейірімділікке толы болды. Бұл ертегі бітпесе екен деген тілек қана бар.
Сати Казановнаның "Сказказын" қайта тыңдай бастадым, бағана ғана бақытты өлең тыңдап отыр ем ғой.... Енді одан, "жүрегің қалай, жылы киініп жүрсің ба?" деп сұрай аламын ба?
Маған бүгін бір кісі видео салыпты. Рас қуандым, тіпті келген адреске рахметте айта алмаппын. Қуанышымды тағы да ішімде сөндіріппін. Үндемеппін... Романтика тірі десем де, дәл сондай романтикамен жауап бере алмаппын...
Өзімнің эмоциямды басқаруды үйренбеппін....
Бәрібір адамдарды түсіне алмаппын...