Әмбеге аян. Ұлыстың ұрты уызға толар күн Наурыз мерекесінде 5 күн демалыс берді. Алматыдан студенттер ауылға оралған болу керек. Отарба яки Тоғарба (поезд) үшін билет мүлдем болмады. Әпкем мен жездемнің көлігіне жармасып мен де келдім. Ауылды сағыныппын. Асықтым, көзі ілмедім. Үйге сағат түскі төрттер шамасында жеттім. Анашым алдымнан тосып алды. Алдыма наурыз көже ұсынды. Аңсағаным да осы еді. Көзді тарс жұмып көжені ұрттадым. келесі күні яғни 22 наурызда аудан орталығы Төле-би ауылында мереке тойланды. Дайындалған ақ екен. Ыстық бауырсақ, наурыз көже бәрі-бәрі даяр екен. Елді сағыныппын достарымды, жақындарымды көргім келді. Көрдім көңілім тойды. Енді әңігмеге ойыссақ. Сол күні түрік ағайындар салмағы 250 келі бұқаны бәйгеге тігіп, сол бұқаны көтергенге сыйлайды екен. Көтермекке ниеттенген көп екен. Біраз білектілер мен жүректілер көтере алмапты. Дегенмен арғы аталары Балуан Шолаққа нағашы болған, Шу ауданы Балуан Шолақ атты ауылдың айбынды ұлы Рүстем деген жігіт әлгі бұқаны белге салып бір көтеріп, тізеге дейін апарып,қайта қойыпты. Ақсақалдар бірауыздан жүлдені осы нарұланға берді. Айтпағым ауылды аралап жүріп қарасақ айбындылардың,алыптардың аз еместігін байқаймыз. Тарихқа көз жүгіртсек Қажымұқан атамыз бұқа көтерген. Міне арамызда, ауылда алыптар азаймапты. Тәубә. Табиғи дара күшке не жетсін.Енді осыны оқып көріп, ой бөлісейік жамағат!