Қаһарман Қаһар ағай

Қаһарман Қаһар ағай
жеке
блог

 

Біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қалашығының директорымен сұхбатттасқан болатынбыз. Ендеше, сізге ұлттық университеттің ерекшеліктері туралы қызық болса оқып көріңіз.

- Университеттің тың жаңалықтарымен бөлісе кетсеңіз

-  Университетіміз жаңа белестерді бағындыруды алға қоюда, қыркүйек айында біздер әлемдік университеттер рейтингісінде 236 орынға көтерілсек, ендігі кезекте одан да жоғары жетістіктерге жетуді көздеп отырмыз.  

- ҚазҰУ аймағында жастарға арналған демалыс орындары аз, алдағы уақытта осындай орындардцы салу жоспарда бар ма?

- Ия, дәл қазіргі уақытта жастар саябағының архитектуралық құрылымын дайындап біттік. Қазіргі таңда сол жерді дайындап құрылысын бастап кеттік. Бұл саябақ Экономика мен заң факультеттері корпусының қарсы бетінде орналаспақшы. Автотұрақтың жанында өзен ағып жатқанын білесіздер, ал сол өзеннің маңайында студенттерге арналған жер жоқ, міне сондықтан, сол жерді кеңейтіп , тоған салып, соның маңайында арнайы безендіру жұмысын жасап, демалыс орнын салудамыз.

 - Ал ғылым саласының дамуына ықпал ететін орталықтар салу ойда жоқ па?

- Әлбетте, ғылым саласын дамытуда жаңа жобалар ұйымдастырылуда. Бүгінгі күні биология және биотехнология факультетінің студенттері үшін практикалық жұмыстарды атқкаруға көмектесетін жылыжай салудамыз. Ол технопарктың артында ашылды. Ал, күнделікті қалашықта әр факультет түрлі зияткерлік сайыстар ұйымдастырып, ғылыми-технологиялық паркте инновациялық жобаларды жасауда. 

- Болашақта ҚазҰУ аймағын жабық қалашық етуге қалай қарайсыз?

- Ия, ол да жөн. Ректорымыз Ғалымқайыр Мұтанов та университет аумағын жабық қалашық етіп, экологиялық таза, барлық мпүмкіндіктері жасалған студенттік орта етпекші. Міне, осы мақсатта қалашықта экологиялық таза көліктерді ғана жүргізу ойда бар. Бұл кішкентай,  тоқпен жүретін көліктер қалашық аймағында қатынауға мүмкіндік жасайды. Бірақ, ҚазҰУ-ды жабық қалашық етуге кедергі келтіріп отырған екі жалпыға ортақ жатақхана. Онда пәтерді жалдап тұрушылар , бұрыннан бері сол жерде тұратын адамдар бар. 

-  Қалашықтағы қауіпсіздікті қадағалауда қандай жұмыстар атқарылуда?

- Әр қалашықтың өзіндік мәселелері болады, міне осының қауіпсіздікті сақтау. Осы орайда біз әр жатақханада, университеттет аймағында 1000-ға жуық арнайы бейнебақылау камераларын орнаттық. Сонымен қатар, ОПП аталатын қауіпсіздікті сақтау ұйымы бар, әрі ситуациялық орталық бар, ол жерде барлық бейнебақылау қадағаланып отырады. Соның арқасында, ұрлық, студенттер арасындағы ұрыстың азаюына көмектесуде.қалашық