Қағазбасты мұғалім қоғамға қажет пе?

Қағазбасты мұғалім қоғамға қажет пе?
жеке
блог

«Мұғалім─ мектеп жүрегі» екенін Ыбырай атамыз бен«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз тегіннен-тегін айтпаса керек.Себебі,ұстаз-ұлы тұлға,сонымен қатар,жеке тұлғаны,ұлы тұлғаға айналдырар ұлылық иесі.Бұрынғы Кеңес дәуіріндегі мұғалім мен қазіргі мұғалімді салыстыруға тіптен болмас.Алғашқы ұстаз,ағартушы ғалым,педагог-Ыбырай Алтынсарин,бар саналы ғұмырын ұстаздық жолында тәрк еткен ,қазақтың қара домалақ балаларының көздерін ашып,біліммен сусындатуға,бар ынта-жігерімен,ықылас-пейілімен,ұстазға тән қасиеті-балаға деген жылулығымен кіріскені баршамызға аян.Халқының ризашылығына бөленіп,дара да дана ұстаздың бейнесі маған,өзіңе қарап күлімдеп тұрған мейірімді жанды елестетеді.Қолында қаламы,үстелде парағы,бір қолында боры,тентек бала соры болған қазіргі ұстаздың елесі, жарқын бет-бейнесі қандай?Көзіңе біресе балаға,біресе сағатқа қарап отырған,тексерісте-тексерістен қоқып,есі шыға жазу жазып жатқан ұстаз елестейді екен.Құдай-ау ерте кезде,Ыбырай атамыз сол қағазды толтырмай- ақ сабағын бере берген жоқ па? Өзім БҚО,Жаңақала ауданы,Қызылоба елдімекенінің түлегімін.Шынын айтқанда,ауыл балаларының қаланың балаларына қарағанда білімді қабылдау деңгейі әртүрлі болатындығы даусыз,жақсы оқитын оқушылардың қаладағы педлицей,гимназияларғакетіп қалатындығы,соның себебінен,ауыл мұғалімдерінің еңбегінің бағаланбауы секілді жағдайлардың орын алатынын көзбен көріп,көңіліме түйіп,жүрегіммен сезініп өстім.Себебі,анамда өз уақытын аямайтын,өзгенің баласын аялайтын ұстаздардың бірі енді,міне,өзімде анамның жолын қумаққа алыс қалаға білім қуып оқуға түстім.Онда да бір байқағаным мұғалімдеріміздің діңкесін құртатын аттестация атты бір пәле бар екен.Болашақта мен де құдай жазсамұғалім болған кезде,қағаздың астында көміліп жатқым келмейді керісінше,бар алтын уақытымды қағаз жазуға емес,бар білгенімді балаларға үйретуді мақсат тұтамын.Дегенменде,қазіргі заман ақшаның емес,білімнің заманы,жарайды ал,ақша белгілі бір жерде үлкен рөл атқарар немесе жемқорлық жолымен бәленбай сома ақша төлеп,жұмысқа орналасарсың,басыңда жүз жерден ақыл болғанмен,білім болмаса,ол жұмыстың,ол өтірік білімнің қажеті қанша?Қазір,құдайға шүкір,көптен күткен елу елдің қатарына қосылдық,оқыған адамның,ешқашан жерде қалмайтынын,білімімен түбі бір жерден жарып шығып,биік белесі мен үлкен мақсатының кілтінің иесі болатынын білеміз.Білімді ұрпақ-жарқын болашақтыңкепілі.Білімге көңіл бөлеміз деп,тәрбиеміз бен ұлттық рухымызды жоғалтып жүрмейік.Қанша жерден білімді бола тұра,бойында адамгершілігі жоқ,нәпсіге еріп дүние жинап,өз басының жағдайынойлаған адамнан,халқын сүйетін патриот шығады деп айта алмаймын.Мұны неге айтып отырмын,мұның басында бірінші ата-ана,екінші мұғалімі,үшінші қоршаған ортасы тұр.Мұғалім тау-тау болып үйіліп жатқан қағазына қарайма,әлде отыз балаға қарайма?Міне,бар мәселе осында жатыр,күні-бойы есінен тана терлеп-тепшіп,ол қағазды жазады екен,ендеше,үкімет әлгі ақ қағазын негe тегін бермеске?!Оны компьютерге тереді,одан бірдеңесі дұрыс болмай қалса,тағы жазады,әйтеуір бітпейтін күйбең бір тірлік.Мұғалімнің міндеті қағаз жазу емес,бала оқыту,сапалы білім,мықты тәрбиемен қамтамасыз ету,темірдей берік тәтріппен қаруландыру.Кейбіреулер сол еңбегіне орай жалақысын алмай ма?,-деп жазғырар,бірақ ешкім басқа түспей,ол қиындықты сезіне алмайтынынын айтқым келеді.Мұғалімнің жалақысының өзі оңып тұрған жоқ,бар болғаны 50 мың теңге ғана,оны отбасына жеткізе ме,әлде сүйікті заты ақ парағын алуға жеткізе ме? Онда ешкімнің шаруасы жоқ (әсіресе билік басындағылардың).Мұны бір жақты қылмасақ күндер өте қағаз бен ұстазды айыра алмайтын халге жетіп жүрмесек болғаны?