Қадірлі ЖАСТАР!

Қадірлі ЖАСТАР!
жеке
блог

Манадан бері кейбір қазақша сайттарға қарап біршама ойланып қалдым. Біздің жастардың ақыл-ойы сонша кеміп бара ма деп? Былай қарап тұрсаң түкке де тұрмайтын нәрсе сияқты, себебі айтуы мүмкін біз жаспыз аунап-қунап өмірдің қызығын көріп қалуымыз керек дегендей. Бақылап отырсаң көп бөлігі жеңіл желпі, тамақ іштім, ойнадым, қудым деген нәрселерге кәдімгідей-ақ өмірде маңызы бар зат сияқты қарап, одан да маңыздырақ мәселелерде я жалтақтайды, я қашқайтады, әйтеуір жауапкершіліктен қашады. Ау, қазақтар-ау егер солай істесек, асханадан шығып, әжетханаға тастайтын мақұлыққа ғана айналамыз ғой. Мен содан қорқамын. Халқымыздың кезіндегі тұспалдап жеткізетін сөздерін бүгінгі күнге келтіре алмасақ та, маңызы бар нәрселерге кейде болса да көңіл бөліп жүрейікші. 

Көпке топырақ шашқаным емес, мені дұрыс түсініңіздер!

ПЫ.сы: Сен қалай ойлайсың замандас?