Қадір түні

Қастерлі, қасиетті Құран айын,
Киесін есте сақтап жүр ағайын.
Бір жылда - бір келетін осы айда,
Ұмытып дүңгіршекпен сыра жайын.
Тәубе қыл бір Аллаға сірә лайым,
Десеңіз нұр-сауабын бір алайын.
Сенбі сайын сыраны сарқығанша,
Намазға бар Мешітке жұма сайын.
Бүгінгі тун - төресі бүкіл жанның,
Бүгілді шын тізесі мұсылманның.
Құлшылық қыл Аллаға өмірде бір,
Саған тұтас өмірді ұсынған кім?!



Бөлісу: