Қадірі қашқан "әке"

Тәуелсіз елдің – тұғыры биік. Дұрыс, біз де осыдан жиырма жыл алдын өз тәуелсіздігімізді алдық , тұғырымыз биіктеді. Бірақ, әлі күнге сол тұғырдың ең басты бөлігі өз ана тіліміздің жоғарыға көтерілмеуі. Оның ең басты себебі тілі енді шыға бастаған балдырғандарымыздың өз ана тілінде емес шүлдірлеп өзге тілде сөйлей бастауы.

Бүгін қайда қарасаңда сәбилеріміз өз ата анасын әлі күнге «мама», «папалауы»! Айтылуы жеңіл бұл сөздердің біздің ғұрпымызға жат екендігін дер кезінде ата анасы өз балаларына түсіндірмеуі. Бәрімізде ауылда туып, ауылда өстік. Ауыл баласы өз ата анасын көке, апа деп атаушы еді. Сонда біздің тілімізге осы «мама» мен «папа» қайдан енген?

Жалпы осы сөздер өзі қайдан шыққан? Басым бөлігіміз оны орыс тілінген енген деп ойлаймыз, бірақ орыстың атақты жазушылары Л.Н.Толстой, А.П.Чеховтардың шығармаларында орыстар әкесін «батюша» деп атағандары байқалады. Ал, тарих беттерінде бұл сөз туралы жалыз ақ мағлұмат бар. Біздің заманымыздағы төртінші ғасырда христиан діні, билік таласынан католик және православ болып екіге бөлінеді. Сол кезде католик дінін қабылдап, өзімен бірге отбасын, ағайын туысын шоқындырып, дінге қызымет еткен кісіні «папа» деп атаған. Бұның айғағы қазіргі Еуропаның басым бөлігіндегі «Папа»лар.

Діні тұрғыдан алып қарағанда да папа сөзі біздің асыл дінімізге жат ұғым. Асқар таудай әкемізді жат дінді насихаттаушылар атымен атағанымыз оғаш қылық екенін түсінуіміз керек. Енді тілі шыға бастаған сәбиімізга «папа», «мама» дегізбей әке, ана деп үйретсек дұрыс болар еді.

Тілімізді дұрыстайық, әке деген ардақты есімді ұлықтайық!!!



Бөлісу: