К-поп және жанкүйерлер

Халлю(Корея еліне деген қызығушылық):

К-ПОП саласы

Интервьюер:Нурлыбекова Нурай

Сұхбат беруші:Нарыжная Таня

 

 

 

 


             21 ғасырда поп индустриясы үлкейіп,өсіп,тек жасөспірімдер арасында ғана емес,барлық жастағы адамдардың арасында танымал.Әлемдегі поп саласы барлық елдерде бір-бірінен айрықша ажыратылмаса,Кореялық поп индустрия мүлдем басқаша.

 


К-поп саласында айдол атанып,сахнада өнер көрсету үшін бала кезінен бері күрделі дайындықтан өтетін әрістер,көп қиыншылықтарды бастан кешеді.Өзіндік ерекшеліктері бар осы сала әлемдік деңгейге көтеріліп,миллиондаған жанкүйерлерін жинауда.

 


Ал осы жетістікке жетуде,өз елінің басты қазынасы-BTS тобы,өз үлесін молынан қосты.Тарихқа өз аттарын қан мен тер арқылы жазып жүрген бұл бойзбенд,бүкіл жер бетіндегі ең танымалдарының танымалы атанып,адамзат тарихында музыка саласындағы жетістіктері бойынша 3 орынды иемденіп отыр.Дәл осы топтың жанкүйері,к-поп индустриясымен 2020 жылдан бері қызығып,ізденетін,18 жасар Таня Нарыжнаяның ойын тыңдап көрейік:

 


Алғаш рет к-поп туралы білген кезіңіз есіңізде ме?

 - Иә, “Instagram” желісінде кездейсоқ BLACKPINK тобының өлеңін естіп,қызығып кеттім.Дәс осы кезден бастап к-поп индустриясымен таныса бастадым.

Сол уақытқа дейін к-поп туралы хабарыңыз бар ма еді?

  -Егер,әлемдік хитке айналған “Gangnam style” әні есепке алынса ғана.Бірақ,толықтай Кореялық музыка туралы BLACKPINK тобымен танысқанда ғана білдім.

Олай болса,дәл осы топ сізді к-поп саласымен қызығуға итермеледі десек болады ма?Әлде ынтаңызды оятқан басқа оқиғалар немесе әртістер болды ма?

  -Негізінен,алғашында BLACKPINK әндерін тындап жүрдім,бұл рас,бірақ,к-поп әлеміне итермелеген толқын олар емес.BTS тобы-міне дәл осы адамдар арқасында мен Корея елімен танысып,к-поп әндерін шын жүрекпен тыңдап,бағалай бастадым.

Қазіргі уақытта қандай әртістермен қызығасыз?

  -Егер максималды қызығушылық туралы,яғни,камбэктер,ойын-сауық контенты,жарнамалық контент туралы айтатын болсақ,тек қана BTS тобы.Ал,жалпы музыка жайлы айтсақ,көбінесе бойзбендтерді тыңдаймын.Мысалы: TXT, Seventeen, Stray Kids.

Қалай ойлайсыз,к-поп саласының әртістері басқа әлемдік деңгейдегі әртістерден ерекшеленеді ме?Бұл индустрияның жанкүйерлері мен әртістер арасында ерекше байланыс бар екендігі рас па?

  -Әрине ерекшеленеді.Дәл осы,сіз айтып отырған ерекше байланыспен ерекшеленеді.Мақсаттарымен ерекшеленеді.Дұрыс түсіндіре аламынба білмеймін,бірақ,кейде Батыс әртістері мақсат ретінде тек табысты көбейтуді көреді.Жасайтын ісіне бар жанын салып жасамайды.К-поп саласында маған ұнайтын тағы бір нәрсені айта кеткім келеді.Ол-cахналық орындауға айрықша көңіл бөлінетіндігі.Маған оларды тек тыңдау ғана емес,сахнада көру де қатты ұнайды.

Байланыс туралы айтатын болсақ, әр топтың жанкүйері сөзбе-сөз өз сүйікті әртісінің қалқанына айналса, әртістер өз кезегінде жанкүйердің күшіне айналады , физикалық және моральдық жағынан бір-біріне көмектеседі.

BTS тобы к-поп индустриясын әлемдік деңгейге шығарғаны ешкім үшін құпия емес.Бұл бойзбендтың қандай ерекшеліктерін атар едіңіз?

  -Әрбір факторды атайтын болсам,түнге дейін бітірмейтін шығармын.Ең алдымен,олардың әрдайым алға қойып отырған мақсаттарына жетуі.Оларды туған елдерінде бірнеше жыл көптеген қиыншылықтар мен хэйтты бастан кешкеннен кейін ғана мойындады.Ал қазір,олар дәл сол 9 жыл бұрын болған кішіпейіл және шынайы болып қалуда.Екіншіден,олардың өлендеріндегі жолдауы.Қазіргі уақытта терең мағынасы бар,өзіңнің айнадағы көрінісіңді таба алатын әндерді жазатын санаулылардың бірі осы BTS тобы.Мен өз тәжірбиемнен,олар адамдардың ең қиын кезеңдерінде көмектесіп,нағыз жарық көзіндей пайда болатындарын айта аламын.Олар бізді ынталандырып,өздері де бізден ынта алады.

К-поп индустрия-тек қана әртістердің өнері мен миллиондаған жанкүйерлер емес.Бұл өте күрделі және ойластырылған жүйе.Сіз “камерадан тыс”болып жатқан дүниелерге,бүктелген жүйеге және қызметкерлердің жұмысы туралы қызығасыз ба?

  -Бұрын мен бәрін білуге тырысатынмын,бірақ,ол нәрселерге көбірек енген сайын,көрсетілмейтін дүниенің көбісі құпия болып қалуы бекер емес екендігін түсіндім.Қызметкерлердің жұмысы өте маңызды әрі таңқаларлық болғанымен,сенің өзіңнің уайымдарың мен ойларыңның кесірінен жайсыз болуы мүмкін.

Осы салада жұмыс істеп көру туралы ойларыңыз болды ма?Егер болса,кім болып?

  -Әртіс ретінде емес екендігіне сенімдімін,бірақ,мүмкін менен жақсы менеджер шығар.

Сүйікті әртістеріңізге айтқыңыз келген жолдауыңыз бар ма?

  -Әрқашан бақытты болып,әркімнің ойын тыңдай бермесін деп айтқым келеді.



Бөлісу: