КАБИР - араб тілінен - ұлы, күшті, зор, үлкен; маңызды, байыпты, салмақты.
КАМАЛ - араб тілінен алынған камал - толықтық, жетіктік, тұтас. Түрлері — Кемел, Камал, Камил. КӘДІР - араб тілінен алынған кадр - күшті, құдіретті; қабілетті; кұрметті, лайықты, құнды, беделді. Диалектілік түрлері — Қадыр, Хадир.
КӘДІРБАЙ - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бай. Күшті, құдіретті, бай деген мағынаны білдіреді.
КӘДІРБЕК - араб тілінен алынған кадр + қазақ сөзі бек. Қадірі жоғары, кәдірлі кісі. Еркелете айтылу түрі — Кәдіртай.
КӘДІРЖАН - кәдірлі кісі, кәдірі жоғары адам.
КӘКІМБЕК - араб тілінен алынған хаким + қазақ сөзі бек. Дана, білгір адам. Қысқартылып-еркелете айту түрі — Кәкен.
КӘКІМЖАН - араб тілінен алынған хәкім - дана, данышпан, ақылды, есті; философ + иран тілінен алынған джон. Данышпан адам. Қысқартып-еркелете айту түрі — Кәкітай.
КӘМІЛ - араб тілінен алынған камил — жетілген, толысқан. Біріккен тұлғалы есім - Көмілбек. Синонимдері - Кемел, Кемелбай.
КӘРІМ - араб тілінен алынған карим — қолы ашық мырза, жомарт; ақкөңіл, кең пейіл, сүйкімді. Түрі — Кәрім. Біріккен тұлғалы есімдер — Кәрімбай, Кәрімжан, Кәрімбек, Кәрімқұл.
КӘРІПЖАН - араб тілінен алынған кариб — жақын, туыс, туған, яғни ең жақын, туысқан адам.
КЕКІЛ - баланың мандайға дейін қойған шашы.
КЕЛІС - келіскен деген сөздің қысқарған түрі. Синонимі — Жарас.
КЕМЕЛБЕК - араб тілінен алынған камал + бек яғни кемеліне келген, толысқан.
КЕМЕҢГЕР - араб тілінен — дана, данышпан.
КЕНБАЙ - кенге бай болсын деген тілекпен қойылған есім.
КЕНЕН - қазақ тілінен — жеткілікті, мол; мырза, кең пейіл. Біріккен тұлғалы есім — Кененбай. КЕНЕШ - көне түркі тілінен - кенш — бала.
КЕНЖЕ - қазақ тілінен алынған ең соңғы туған перзент. Біріккен тұлғалы есімдер — Кенжебек, Кенжеғали, Кенжетай, Кенжеқан.
КЕҢЕС - мәжіліс, мәслихат. Бұл есім совет (кеңес) өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап көп қойыла бастады. Ол Совет дәуірінде туған жаңа есімдер қатарына жатады.
КЕҢШЛІК - жаңа есім - бостандық, еркіндік.
КЕРІМ - араб тілінен алынған карим — тамаша, аса керемет, кеңпейіл, жомарт, мәрт адам. Біріккен тұлғалы есімдер — Керімбай, Керімбек, Керімхан. Синонимі - Дәулеткерім.
КИІКБАЙ - қазақ тілінен алынған киік — елік, бекен, тау ешкісі, қара құйрық тектес жабайы аң + бай. КӨБЕГЕН - көне түркі тілінен келген — жас бала.
КӨБЕЙ - көп бол, өніп-өс деген мағынада.
КӨБЕЙСІН - өссін, өсіп-өніп жетілсін. Синонимі — Көбейхан.
КӨДЕК - иран тілінен алынған кудак — бала, сәби; бозбала, жігіт.
КӨКБАЙ - көк-аспан, тәңірі. Синонимі — Тәңірбай.
КӨЛБАЙ – қазақ сөздерден көл + бай. Көлдің жағасында отырғанда туған балаға Көлбай деп ат қою ертеде көп кездескен.
КӨПБАЙ - бала көпшіл болып, көпті сүйетін болсын деген мақсатпен қойылған есім. КӨПЖАН - көпшілікті, көпті жақсы көретін адам.
КӨПЖАСАР - бала ұзақ жылдар өмір сүрсін, жасы ұзақ болсын деген тілекпен қойылған. КӨРКЕМЖАН - бала көрікті, нұрлы болсын деген тілекпен қойылған есім.
КӨРІК - әдемі, сұлу келбет, әдемілік.
КӨШІМБАЙ - (қараңыз. Үдербай).
КҮМІС - қымбат бағалы ақ металл. Біріккен тұлғалы есімдер — Күмісбек, Күмісбай.
КҮНДАР – қазақтың сөзі кун + дар тәжік тілінен алынған доро — мейірім, шапағат етуші, мейрімді. Күн сияқты тіршілікке шапағат таратушы, мейірімді жан деген мағыналы есім.
КҮНТУ - халқына, еліне күн боп туды деген мағыналы есім.