Жыртқыш

     Жыртқыш – дегеніміз не? Жер бетінде бір ғана жыртқыш бар. Оны мен былайша дәлелдер едім. Мысалы, қасқыр мал үшін жыртқыш, мал өсімдік үшін жыртқыш. Ал қасқыр өсімдік үшін жыртқыш емес. Қайта ол өсімдікті малдан құтқарып қалды. Осы сияқты басқа хайуанаттарда да, тек бір-ақ нәрсе үшін жыртқыш болады. Ал, адам ше? Адамның бойынан барлық жыртқыштың қасиеттері табылады. Егер де хайуанаттардың барлығына тіл бітіп, кімнің жыртқыш екенін сұрасаң әрине адамды айтар еді. Өйткені адам бір ғана хайуанат үшін емес, барлығы үшін жыртқыш. Адамның шамасы, китке де, пілге де, арыстанға да келеді. Тіпті адам адамды да өлтіре алады. Осындай жыртқыштық қандай аңның бойынан табылар екен. Біз осыны ойланып көрдік пе? Сондықтан да адам өзінің қажетінше ғана жыртқыш болсын.




Бөлісу: