Жырлай бергім келмейді
жеке
блог
блог
Жырлай бергім келмейді...
Адамдардың санасын,
Улай бергім келмейді.
Кей жандардың сезімін,
Ұрлай бергім келмейді.
Мені сүйген жандарды,
Қорлай бергім келмейді.
Ақкөңіл боп, мейірімді,
Сорлай бергім келмейді.
Қасіреттің көліне,
Бойлай бергім келмейді.
Жеңілістің сәттерін,
Ойлай бергім келмейді.
Жараланған жанымды,
Сырлай бергім келмейді.
Қатал тағдыр, фәниді,
Жырлай бергім келмейді,
Жырлай бергім келмейді..