«Жырлап келдім өмірге...»

«Жырлап келдім өмірге...»
жеке
блог

Журналистика факультетінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлап келдім өмірге...» атты әдеби-драмалық жыр  кеші өтті.  Кешті ұйымдастырушы 101-топтың жүйріктері.  

Кеш барысында қазақ поэзиясының көгіне қанатты жырларын қалықтатқан, Хантәңірдің мұзбалағы, Мұқағали ақынның ел мен жер, махаббат жайлы өлеңдері мен жас ақындардың арнаулары оқылды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына  композициялық көрініс қойылды.  

1-курс студенті Төлепберген Еламан «Арыз жазып кетейін» өлеңінің желісімен Мұқағали рөлін сомдауы сәтті, әрі тартымды кейіпкер бейнесін бере білді.

Ақынның  шығармашылығы мен өмір жолы туралы деректі фильм көрсетіліп, көрермендерге қызықты сұрақтар қойылды. Сонымен қатар домбырамен ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін Балымбетов Бөкенбай , ал «Саржайлау» әнін Аққайыр Жадыра  нақышына келтіре орындады.

Кеш соңында факультет деканы, профессор Ө.Әбдиманұлы мен доцент С.Медеубекұлы кешті ұйымдастырушы бірінші курс студенттеріне алғысын білдіріп, рухани мұраларымызды әрдайым қадірлеп, қастарлеп жүру қажеттігін айтып, жастарға шығармашылық шабыт тіледі. 

Шоқтығы биік шығармашылық шыңына қарап бой түзеген жас ақындардың қаламы қарымды болсын демекпіз!

 

Әлімжан Әйгерім,

Журналистика факультетінің оқытушысы