Жырақта жүрген Жарқынға...

Жырақта жүрген Жарқынға...
жеке
блог

Қайда жүрсең де аман бол!

Тура осыдан 1-ай бұрын 30-сәуір күні Жарқынның кетераяғын жасап, тілегімізді айтып, Бас қала - Астанаға шығарып салған едік. Сол күн бүгін есіме түсіп, суреттерді жариялап, пост арнауды жөн көрдім. Өйткені өзі де анакүні айтып еді, "Массагетке пост жиі жазып тұрыңдар, мен сендерді сағынғанда сонда кіріп жүрмін"-деп, ал мен, "Әрине, жазып тұруға тырысам" - деген едім. Сөйлескен сайын "жырақта жалғыз жүрген қиын екен" - дейді. Тіпті бір күні түнде маған "Сағындым бәріңді..."-деп смс жіберіпті! Мен таңертең көзімді аша салып, "сағат қанша болды?"-деп соткама қарасам жаңағы смс тұр. Жүзіме күлкі үйіріліп, ішім жылып, ұйқымнан тұрдым. Редакцияға келе салып қасымдағы басқа да достарына жеткіздім. Біз оны күн сайын есімізден шығармай айтып отырамыз. Содан кезекті түскі ас кезінде (көкке шыққан күні) біз онымен ойнағымыз келіп, қолымызға оның жаңадан шығарып жатқан газетін ұстап, әр түрлі күлкілі кейіпте суретке түстік. Ол суреттерді келе сала өзіне жіберіп едік, ол қатты өкпеледі. Қайдан білейік?:(( жай қалжыңдағымыз келген!:)) Ол болса "Сендерден Мен ондайды күтпеп едім"-деп кәдімгідей ренжіді. Ойнаймыз деп от бастық! Сонымен сол күні кешкісін "кешірім" сұрап, бетін бері қараттық. Бұрын неше түрлі әзіл-қалжың айтып, көңілге алмай көтеріп жүре беретін жігітіміз, жырақта жүріп "өте өкпешіл" болып кетіпті!:) Жарқын, сен қайда жүрсең де, біздің жанымыздасың!:) Алыста болсаң да, арамыздан алшақтамайсың! Көңіліңе көп ала берме! (өкпелеме!-деген сөз.) Біз де сені сағындық! Саған деген сағынышпен осы постты арнадым. Кезек суреттерде:

30 сәуір 2012 жыл. Жарқынның кетераяғында отырған кезіміз.

Болатбек Жарқынды ерекше қимай, құшақтай бергісі келеді...

Қос Дос. Досың Астанаға барады - тос. Қолың болсын бос.:))

Жарқын мен Сәкен. Саясат бөлімінің сырбаздары сендер екен.

Мен және Жарқын. Біз екеуміз... Біз екеуміз... Гүл екенбіз!:))

Сәкен, Мен, Жарқын... Арқа сүйер адамдардың арасындамын.

Жарқын, Болатбек, Сәкен. Үш қоңыр Алатаудың баурайында...

Болатбектің Жарқынды Астанаға жібергісі келмей жатқан кезі:)

Жарқын мен Өркен. Жарқынның ескі досы және жаңа әріптесі!

Осы суретке мына ән келеді: Еекіі жұлдыз, екі бақыт көктегі:))

Жарқын - сен үшін менде бар "Бір тілек":

Жарқын,

жаңа істе басылмасын қарқын,

Астана болса да қанша салқын,

жылып кетер, келгенде Алтын.

Қуанып, бір күлгенде Ерасыл,

Астана боп кетер жап-жасыл.