Жындыны жынды десе, бөркі қазандай болады
блог
"Жындыны жынды десе, бөркі қазандай болады" деген осы шығар бәлкім... Менің шолақ ақылым жетпейді ме, жоқ әлде заманнан қалып кеткенмін бе білмеймін... Әйтеуір еш санама сыйғыза алар емеспін. "Көршінің тауығы қаздай көрінер" дегендей батыстың керек емес дүниелерін, былайша айтқанда қоқысын жинауға әуеспіз.Өз құндылығымызды аяқ асты етіп, шет ел не жасаса да соларға ұқсап бағамыз. Неге біз американдық адамдарға еліктейміз? Ұлты жоқ халықты басқа көтереміз? Өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің аузында осы бір не мағынасы, не сапасы жоқ "камона флет, камона шлет"... Одан қалса дардай болған жастар қолдау қорсетуге әзір. Тура бір Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған "Есек пен бұлбұл" секілді. Ар,ұят, намыс деген ұғымдарды жиыстырып қойған. Келешек не болмақ? Дәл қазіргі уақыт Мұхтар Шаханов атамыз айтқандай "Бөдене таланттылардың заманы" болып отыр..
Әліпбек Ақнұр