Жымиғанға не жетсін!

АҚЫМАҚ

 

Арманның үйінде тағы да таныс әпкесі Айгүл қонақта. Ол кетейін деп жиналып жатқанда, анасы Арманға:

 - Не айту керек?

  

- Білмеймін !

 

- Арман, ойланшы! Айгүл әпкең кеткен сайын осы мен не айтатын едім?

 

- Ақымақ ! Тағы да бар шұжық пен ірімшікті жеп кетті!

 

                                                             *****

 

 

 

Сұраққа жауап

 

   Қызылорда жақта баяғыда сыйлы бір кісі қайтыс болып, сол кісіні жерлеуге ақын Асқар Тоқмағамбетов те барады. Соңынан үйге қайтып келе жатқанда бұжыр бет, масаңдау бір жігіт ақынға тиісіп, елсілеу бір сұрақ қойыпты:

 

— Асеке, сіз ажалдан қорықпайсыз ба? Соғңғы кезде ауырғыштап жүр деп естимін,— дейді тілін шайнап мүләйімсіп.

 

Сонда Асекең бар денесім ен бұрылып, әлгі жігіттің бетіне бажырая қарапты да:

 

— Шырағым, іріген ауыздан шіріген сөз шығады. Шіріген сөзді біреу мастықпен айтады, біреу қастықпен айтады. Қастықпен айтатындарда сен секілді бетінің бұжыры, ішінің қыжылы, арақ пен шараптың қызуы болады,— депті.

 

                                                             *****

 

ЕКЕУМІЗ БІРЕУІН ШЕГЕМІЗ

 

Шеккісі келіп екі нашақор отыр. Қараса бір машина келеді. Олар оны тоқтатқан соң, ішінен бір еркек шығады. Нашақордың біреуі сұрап жатыр:

 

- Тыңдашы, шегетін бар ма?

 

- Шегетін бе, қазір .....

 

Машинаның жүк салғышынан сақаны алады да нашақорды ұрып соғады. Содан соң екіншісіне келіп:

 

- Саған да шегетін бе?

 

- Жоқ, біз екеуміз біреуін шегеміз !!! 

 

                                  

 

                                                                 *****

 

БӘРІ БІР АЙТПАЙМЫН !!!

 

Чукчадан аудармашы арқылы жауап алып жатыр.

 

- Чукча, алтынды қайда тықтың?

 

Аудармашы: - Чукча, алтынды қайда тықтың?

 

Чукча: - Айтпаймын !!!

 

Аудармашы: - Ол айтпайды!

 

- Егер алтынның қай жерде екенін айтпасаң біз сені өлтіреміз !

 

Аудармашы: - Чукча алтынның қай жерде екенін айтпасаң, олар сені өлтіреді !

 

Чукча: - Алтынды үйдің алдына көмгенмін.

 

Аудармашы: - Атыңдар, оңбағандар, бәрі-бір айтпаймын !!!

 

 

 

                                                                    *****

 

          Соқыр мен бір адамның әңгімесі:

 

- Аға сіздің көзіңізге не болды? - деп сұрапты, сонда әлгі соқыр:

 

- Бірде көшеде келе жатсам біреулер қақпадағы бір тесікке сығалап қарап жатыр екен, мен де барып сол тесікке қарай салып едім арғы жағынан біреу көзімді шұқып алды - депті.

 

- Ал екінші көзіңізге не болды? - десе

 

- Кім шұқығанын қарайын деп едім - деп жауап беріпт і

 

                                                            *****

 

     САТЫП АЛ ДА, ҚАРАЙ БЕР

 

Тексеруші жолаушыға:

 

- Сіздің билетіңіз?

 

- Менің билетім ...

 

- Сіз не науқассыз ба?

 

- Ал сіз дәрігерсіз бе?!

 

- Сіздің билетіңіз?

 

- Менің билетім ...

 

- Сіздің билетіңіз?

 

- Менің билетім ...

 

- Сіз не қоянсыз ба?

 

- Ал сіз қасқырсыз ба?

 

- Сіздің билетіңіз?

 

- Ал неге керек?

 

- Мен көремін......

 

- Сатып ал да, қарай бер.....

 

- Сіздің билетіңіз!!!

 

- Менің билетім. О, міне, менің де аялдамам....

 

 

 

                                                                     *****

 

Кешкі апақ-сапақта есік қағылады. Үй иесі ашса, алдында бір еврей тұр екен. - Кешіріңіз, кеше менің баламды құдыққа түсіп кеткен жерінен шығарып алған сіздер ме? – деп сұрайды ол.

 

- Иә, біз, - дейді үй иесі.

 

– Онда баламның бас  киімі қайда?...

 

                                                                 

                                                                             *****

 

Екі жапондықтың әңгімесі:

 

- Мен уысыма қандай зат жасырып тұрғанымды таба аласың ба:

 

- Телевизор шығар.

 

- Дұрыс таптың. Ал неше телевизор екенін тапшы.

 

                                                                      *****

 

Осыдан алты ай бұрын тоғызыншы қабаттан құладым. Қол-аяғымды сындырып, басымды жарып, ішек-қарынымды ақтарып алдым. Бірақ бетім сол қалпы. Рахмет, саған Dоve.

 

                                                                      *****

 

- Талғат, давай, менің қызыма звондайық.

 

- Давай.

 

- Алло, саламатсыз ба? Әлия бар ма?

 

- Әлия шығып кетті.

 

- Қайда шығып кетті? Шақырып жібересіз бе?

 

- Күйеуге шығып кетті, күйеуге.

 

                                                                   *****

 

Аю мен ешкі

 

Бір орысша сөйлейтін аю тауда келе жатып, ыстықтан қатты шөлдеп кетіпті. Қараса бір ешкі тұр екен. Аю қасына барып:

 

-Ей, козёл, где тут ближайший водопой?

 

-Қазір, осында тұра тұр.

 

Бір сағат өтеді, екі сағат өтеді, ешкі болса жоқ. Үш сағаттан кейін көп ешкі келіпті. Аю ашуланып:

 

-Ну и где же козёл водопой?

 

Араларынан атаманы шығып:

 

-Бұлақ қайда екенін білмеймін,ал козел үшін таяқ жейсің!

 

                                                                     *****

 

Аш студент!!.   

 

Бір студент қарны ашып қаланы аралап жүрiп, саябаққа көзi түсiп кетiптi. Қараса, адамдар жануарларға нан, бөлке лақтырып жатыр екен.Cөйтiп ол бiр маймылды өлтiрiп терiсiн жамылып, темiр тордың iшiнде қарны тойып отыра берiптi. Cодан сесия басталатын уақыт. Кiрген тордан қалай шығарын бiлмеген жiгiт: «Өтiрiк өлсем шығарып тастайды» деп ойлапты. Сөйтіп, өтiрiк өлiп қалыпты, оны адамдар өлiп қалды деп арыстанның алдына апарып тастапты. Өлген жерiм осы деп жiгiт арыстаннан қатты қорқып отырса, арыстанның терiсiнен бiр бас шығып:

 

— Бауырым қай универден боласың,- дептi...

 

 

 

                                           Күлкілі әзілдеріңіз  болса айта отырыңыздар !

 



Бөлісу: