Өзім жылқы малын жақсы көргеннен бе, жоқ әлде көшпенді елдің ұрпағы болған соң ба, жылқы жайлы фильм болсын, мультфильм болсын қызыға көріп, көзіме жас ала аяқтаймын(енді, ер адамға көзге жас алу нелеу болса да;)).
Бүгін өзім көрген, әрі, көруге тұрарлық бірнеше фильмді сіздермен бөлісе кетейін.
«Соғыс аты»(«War horse», «Боевой конь») – фильм 2011 жылы түсірілген. Жас, әрі намысқой бозбала Альберттің қасқа құлынға деген махаббаты мен оның өміріндегі ғашықтық сезімі қатар өріле бастайды. Ол үй шаруашылығына көмектеседі. Егістікке жұмыс істейді... Бірақ, ойламаған сәтте оқиға басқа арнаға бұрылады. Соғыс басталады. Әкесі атты армияға сатады. Әрине, егістігін бұршақ ұрып, ауыр шығынның орынын толтыру үшін. Ал, Альберт болса оны сатқызбауға, алып қалуға тырысады. Оның мүмкін болмасын білген соң жас жігіт аттың жалына қызыл шүберек байлап жібереді. Сұлу түлік соғыс майданына намысты қолбасының тақымыда аттанып кетеді. Көркем фильмді сөзбен бейнелеу үшін Майкл Морпургоның романын қайта жазу керек шығар, сондықтан оны көріп қана сезінуге болады.
Енді бірі «Азаттық аңсаған пырақ»(«Spirit: Stallion of the Cimarron», «Спирит: Душа прерий») мульфильмінде – құрыққа мойынұсынғысы келмейтін жылқы жайлы баяндалады. Сюжет былай басталады, 19 ғасырдың соңында Америка құрлығының шығыс бөлігінде еркін әрі бақытты өмір сүретін бір үйір жылқы болды. Оның аты Спирит еді. Ол еркіндіктің, бостандықтың, ешқандай күшке бағынбайтын рухтың символы болатын. Ол осы үйірдің басшысы болатын. Ол күтпеген жерден осы маңда жүрген үндістерге «қонақ» болды. Оқиға дәл осы сәттен бастап мүлде басқа арнаға ауысады...