Жылқы өлді – түс!

Үндістердің бұл мақалы өмірімізге қымбат бір дүниелердің құны кетсе де, сол затқа байланып, қимайтынымыз жайлы айтылған. Бұл қарым-қатынасқа да, іске аспайтынына көз жеткізіп тұрсаң да, сенгің келмей қорғаштап жүретін жоспарларға да, ойларымызға да байланысты.

Бәрі айқын көрінгенімен, бірақ...

Әлі де үміт бар деп өз-өзімізді көндіреміз.  Жылқыны одан бетер ұрғылай бастаймыз.  «Әдеттегі қалпымыз ғой» дейміз.  Өлген жылқыларды тірілтетін шараларды ұйымдастырамыз.  Біздің өлген жылқымыз «бәрінен күшті, тез және арзан» деп жарнамалаймыз.  Түрлі өлген жылқыларды салыстыру шараларын жасаймыз.  Жылқының жанына отырып алып, өлмеуін сұраймыз.  Жылқының өлген-өлмегенін анықтайтын белгілерді теріске шығарамыз.  Өлген жылқының үстінде қалай шабуға болатынын үйрететін түрлі айлаларды оқи бастаймыз.  Өлген жылқыны саралау үшін достарымызды шақырамыз.  Өлген жылқыларды қосып, бір-біріне демеу болып, тіріліп кетер деп үміттенеміз.  Өлген жылқылардың мамандарын шақырамыз.

Жылқы өлген болса – жай ғана үстінен түс!

Сурет: ivanaleshkin.ru



Бөлісу: