Жылқы жаныңды түсінеді

Жылқы малы - ежелден бері адамзат қасынан табыла білген, сенімді серік бола берген жаны таза жануар. Жылқы малын жақсы білетін жандар ғана бұл жануардың қаншалықты ақылды, мінезді, текті екенін біледі.

Көптеген халық жылқы малын ерекше құрмет тұтады. Қазақ халқының да өмірін жылқы малынсыз елестету қиын. Жылқы әрдайым жанымызда әрі жадымызда.

Жылқы қатыгездікті көтермейді. Сыйлағанды сыйлайды. Адам пейілін бірден әрі жақсы түсінеді. Әлем бойынша кеңінен танылған жылқы малынының көмегімен адамзат баласының психологиялық мәселелерін анықтау мен дертін емдеу тәжірибесі бұрыннан бар. Алматыда бұл тәжірибе  Chamberlain Country Club клубында кеңінен қолданылады.

Наурыздың 19-31 аралығында бұл клубта EAHAE International Еуропалық аттармен жаттығу қауымдастығының XV Дүниежүзілік конференциясы өткізілді.  Конференцияның тақырыбы – «Сәттіліктің жаны» - іскерлік жаттықтыру мен эквитерапиядағы заманауи бағыттар  аясында тәжірибемен алмасу.

«Осыдан төрт жыл бұрын біз Алматыдағы Chamberlain Education  оқыту орталығының бизнес-тренингтері өз елімізде ғана танымал болып қалмай, әлемдік ірі компаниялардың, терапевттердің, жаттықтырушылар мен ат жаттықтырушыларының қызығушылығын оятады деп ойламаған едік. Біздің еліміздегі, Қазақстандағы «ерікті аттармен» жұмыс барысында жинақтаған тәжірибемен және біліммен бөлісу өте құрметті әрі жауапкершілігі мол іс. Біздің «мәдени кілтіміз» - тұлпармен жұмыс барысындағы холистикалық әдіс, иррационалды болу еркі – «Дәстүрлер-Мәдениет-Әлем тарихы-Қазіргі заман» теңгерімі. Алғаш рет ересектер үшін ғана емес, балалар үшін де оқыту форматында ұйымдастырылған шараға сенім артқандары үшін серіктестеріміз бен қатысушыларға клубымыздың атынан алғысымды білдіремін», - дейді Chamberlain Education оқыту орталығының директоры Буканова Марина

«EAHAE XV жыл сайынғы Дүниежүзілік конференциясы аясында баркемптер, Еуропа елдерінен, АҚШ, Канада, БАӘ, Ресейден, Австралиядан, Қазақстаннан және басқа елдерден келген спикерлердің тәжірибелік семинарлары мен презентациялары өткізіледі. Қатысушылар Қазақстанда алатын машықтары табиғи озаттыққа ынталандыру және дамыту, кез келген мәдениетте қолдануға болатын G&K HorseDream жұмыс істеу әдістемесін зерттеу саласындағы болашақ туралы білімдерін тереңдете түседі», – дейді Герхард Кребс.

                                

20 елден келген қатысушылар бүкіл әлемде «жүрегі мейірімді бизнес» құрудың тиімді жолдарын анықтады. Конференцияға төрт құрлықтан келген қонақтардың барлығы қарым-қатынасқа өз еркімен түсетін аттармен жаттықты. Мұндай мүмкіндікке конференцияға арнайы шақырылған БАҚ өкілдері мен блогерлер қауымы да ие болды.

Әуелі бізге клуб жұмысын таныстыру мақсатында  экскурсия өткізілді, конференцияға келген қонақтармен тілдестік. Содан кейін өзіңді-өзің  тану мақсатында тренинг жүргізілді.

Бірінші бөлімде әрбір қатысушы атпен орта аумақта жүріп өтті. Адамның іс-қимылына байланысты ат та қозғалады. Ат қозғалысына қарап, дәл сол сәттегі адамның көңіл-күйін түсінуге болады. Егер адам қорқып, өзіне сенімсіздік танытса, ат жүрісі де өзгереді. Екінші бөлімде атпен екі адам жүреді. Бірі атты жетектесе, екіншісі көзін жауып, аттың қасында жүріп өтуі керек. Бұл адамдар арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға, бір-бірін түсінуге мүмкіндік береді.

 

Тау бөктерінде, таза ауада өткізген уақыттың қалай тез өтіп кеткендігін байқамай қалдық. Аттармен өткізген жаттығу кезінде көкейде жүрген біраз сауалдарға жауап алғандай болдық.

 



Бөлісу: