Жылдық түйіндеме
блог
Жыл цитатасы (өз ойыма түйген нақылдар):
1. Неге жақындап барасың? Неден ұзап барасың? - Шамалай жүр арасын.
2. Қолы ашықтың, жолы ашық.
3. Немқұрайлылық - жандүниенің пасықтығы.
4. Он ақылдыдан, бір мейірімді артық.
5. Жақсы болса жағынба, жай ғана сағын.
6. Жаман-жаман ой келсе, жау көргендей қуала.
7. Шүкір қылған адамның
Төрт жағы да - құбыла, Айналасы - шұғыла! (Бұл ойлар "Рухани мақалдар" деген тақырыппен бұрын Массагетте жарияланған. Сондай-ақ менің ой-санамнан орын алған.)
Жылдың ең үздік танысуы:
Жазира Жанділдинамен таныстық.
Жылдың үздік тағамы:
Менің сүйікті тағамым - қызара қуырылған картоп.
Жылдың үздік сусыны:
Активианы (бидай дәндерімен) жақсы көремін.
Ең керемет күн:
1-ші желтоқсан! Жаңа қоныс тойы болған күн әрі әппақ қардың тоқтамай, толастамай жауған күні!
Үздік кеш:
18-ші желтоқсан, туған күнімді тойлаған кеш.
Осы жылда ашылған қызығушылық:
Журналистиканың қыр-сырына қызығушылық. Сондықтан МедиаНет Журналистика орталығында оқып, мамандардан тәжірибе жинақтау.
Орындалған арман:
Алматыда өз күшімізбен тұрғызған үйіміздің болуы және жеке қыздар бөлмесінің болуы, Құдайға шүкір, тек өзіме тиесілі бір бұрышым бар.
Жылдың ең үздік мекені:
"Мерке" немесе "Меркі" шипажайы.
Рухани өзіндік жаңалық:
Ойға түйген дүниелерді, айтқым келетін жайттарды қағаз бетіне, яғни комп.-ға жазып үйрену, қажет деп тапсам әлеуметтік желілерге жария ету. Бұл ойды әлі іске асырған жоқпын, бірақ ойша жоспарда бар.
Үздік әнші:
Мәдинә Сәдуақасова, Қайрат Нұртас.
Үздік ән:
Қызыл өрік, Гүл сезім, Түнгі қала.
Үздік фильм:
«Жаужүрек мыңбала», "Балалық шағымның аспаны".
Үздік сериал:
«Базарбаевтар» отбасы, Отбасымызда бәріне ұнады.
Үздік актер/(актриса):
Әсел Сағатова, Берік Айтжанов.
Үздік кітап:
«Белгісіз жанның хаты».
Жыл әсері:
"Алаш айнасы" жастары боулингтен екі дүркін "Чемпион" атанып, Бас жүлдеге кубокты ұтып алу. Сонымен қатар, "Бютимания"-ға карточка.
Жыл әділетсіздігі:
Лондон олимпиадасында біздің спортшыларымыздың біразының ұпайын әділетсіз санағаны. Ал өзімізге қатысты жыл әділетсіздігі - біздің өз маңдай терімізбен боулингтен ұтып алған кубокты, Ғазизаның біздің еш рұқсатымызсыз, ешбір келісімсіз Массагеттің бір жылдығына арнауы. Негізі біздің командаға оның өз еркімен қосылып, соңынан біздің команданың табысын өзінің ұйғарымымен пост жазып, айқайлатып тұрып Массагетке арнауы - бізді айтарлықтай таңқалдырды. Біздегілер сол постты оқи салып, жауап жазуымды сұраған болатын. Содан соң мен ойлана келе, арнайы пост жазуым қажет шығар деп едім, бірақ уақыт тапшы болды. Негізі Ғазизаның да жеңіске жетуге үлесі болды, алайда олсыз да жеңілмейтін едік деп ойлаймыз. Оны журналистер арасындағы жарыста өзімізге де, өзгелерге де дәлелдедік.
Ең керемет адам:
Мені түсінген адам!
Жыл сыйлығы:
Нүрзияның сыйлаған сиякөк "фиалка" гүлі! "Массагет" ұжымының маған білдірген ілтипатына да ризамын.
Керемет жаңалық:
"Жыл аруы" атағы!
Жыл өкініші:
Көңілшек мінезіммен көп адамнан көңілімнің қалуы. Қанша басыма тисе де, басқалардың барлығын дәл өзім сияқты деп санау, олардың ұстанымдарын ұмыту. Бұл маған үлкен сабақ болатындай ойландым.
Жыл шытырманы:
Жүрегіме әсер еткен әртүрлі оқиғалармен, түнімен ойша арпалысу. Шытырман ойға бөленген күндер жыл бойына көп болғандықтан, бәрін жазуға уақыт жоқ. Нақты бір оқиғаны да ашып жаза алмаймын.
ЖАҢА ЖЫЛ - әр шаңыраққа шаттық, жалпыға жаппай жақсы жаңалық алып келсін!!!
Жаңа Жыл - жaқындады, жaнұяларыңызға жақсылық, жеңілдік, жетістік, жандарыңызға жылулық жеткізсін.