Жақында менің массагетке тіркеліп, пост жазып жүргеніме бір жыл болды. Менің жазып жүргендерім блог емес, блогшы да емеспін, соған ұқсайтын бірнәрсе,өзім де білмеймін не екенін. Әдетте, достарым бір жылдықта есеп беріп жатады ғой. Мен де өзімше солай бір күштііі етіп жазғым келген. Наурыздың 22-сі күні тіркелген едім,былтыр. Биыл дәл сол күні жолда болғандықтан ештеңе жаза алмадым. Сосын инеттен ажырап қалдым,ощм, жалқаугүл болайын деп қалдым. Енді,міне, орталарыңыздамын.
Бір жыл уақыт аз да емес, көп те емес-норма. Осы бір жыл ішінде екі рет кетіп қалып қайта келіппін, «қайтып келген қыз жаман» дейді ғой немесе « қайтып келген қыз орнын табады». Осы екеуінің ортасында жүрмін. Жаман қыздарыңыз отыратын орын таппай жүр))) Бір рет қара тізімге де ілінгенмін. Жарияланған постым аяқ астынан ғайып болып, жүз жылдық ғұмырым көз алдымнан өткен болатын. Бір рет жұлдызды блогтар қатарына да іліндім. Ааа,оның себебі, Астаналық массагеттіктер жиналатын болғанда хабарландыруым жұлдыз бо кетіп,өзімше боп қалып едім)
МАССАГЕТ -менімен
Массагет-маған көп нәрсені үйретті, өте көп нәрсені. Барымды бағалап, қанағат тұтуымды үйретті. Былтыр осындай кезде ҰБТ деп қорқып жүрегінмде қорқынышымды жеңуге, ҰБТ-дан шыққаннан кейінгі сәтсіздіктер мен ЖОО-ға түсетіндегі сәттіліктерге, жеке өмірімдегі келеңсіз жағдайлар мен ортақ келіспеушіліктерді шешуге бәәрін—бәәріне көмектесті. Өмірімді 360 градуска өзгертті десем сенейсіз, 180 градусқа өзгертіп жіберді. Көөп достар сыйлады. Бастапқыда Алаш қызымен(мен үшін осылай қалады!) тек массагеттің чатында сөйлесетін едік,кейін агент->телефон ->реал-> әпке-> сырлас дос болып кеттік. Өзі кішкентай болса да, жазбаларында ақыл тұнып тұратын Кербез қызбен телефон арқылы сөйлесіп,өсек соғып тұрамыз) . Негізі менің мінезім тұйық. Адамдармен танысқаныммен үйренгенше біраз қиналатынмын. Көп адамдармен ашылып сөйлесе бермейтінмін,ал бұл ортамен керісінше, тез тіл табысып кеттім. Қыста қолданушылармен жиі жиналып, қуып тұратынбыз. Солай-солай бұл ортаға да бауыр басым кеттім, қатты. Есімде, Астаналықтар болып Массагеттің екі жылдығына орай жиналып,өзара дастархан жасаған едік.
шәй ұстап та тост айттық)))
Айтқанымдай, Массагет менің өміріме түбегейлі өзгеріс алып келді. Егер мен осы сайтқа тіркеліп, жазуды бастамағанымда әлі де өз жолын таба алмаған адамдар қатарында болушы едім. Себебі, мамандық таңдаған кезде де пайдасы мол болды. Осы сайтқа жазбалар жазу арқылы блогтың не екенін, Блогердің кім екенін түсіндім. Кім білсін, осыдан бір жыл алдын бұл сайтқа тіркелмегенімде қай салаға барарымды білмей, сандалып жүруші ма едім?! Блог демекші, білесіздер ғой, осыдан тура бір апта алдын Қарағандыда кезекті блогқұрылтай болды. Шынымды айтсам, сол жерде Массагеттіктерді көргенде қаттыыы құшақтап алғым келді ғой, көзіме ыыыстық көрінді.
Маған қуаныш сыйлағаныңа, өз ортамды тауып бергеніңе, "көзімді" ашқаныңа, санамды оятқаныңа, қалай еркелесем де еркелігімді көтеріп жатсынбағаныңа, шеттетпегеніңе, сыйлағаныңа, құрметтегеніңе, сыйлықтарыңа, жанашыр-дос, сырлас құрбылар тауып бергеніңе, маған сенгеніңе, жасаған жақсылықтарыңа, ең бастысы қазақ жастарының басын қосып отырғаныңа, бар болғаныңа РАҚМЕТ саған, МАССАГЕТ!!!
Негізі, жазарым көөөөп еді. Ішім кәдімгідей толээээп қалған. Жалғасын күтіңіздер. Айтпақшы, бір жылдықтың құрметіне стиль өзгермекші. Қайлай дейсіз ғой? Бар жағынан!