Жылап алғың келеді...

Жылап алғың келеді...
жеке
блог

Өмір болған соң бәрі де болады. Тағдырдан тайқып кете алмайсың, маңдайға жазғанды «маған бұл ұнамайды» деп өзгерте алмайсың. Бәрінен бұрын осының бәрін ұғына тұра, түсене тұра, кейде қатты қиналғаның соншалық «Ей, өмір, мүмкін бәрін де доғарасың!» деп айқай салғың келеді. Алқымыңа келген ащы жасты ырқына жіберіп, жан даусыңды шығара жылап алғың келеді, жылап алғың. Ауырып тұрған жүректі одан сайын ауыртып аса мұңды әуенді қосып қойып, жан адам баласын маңыңа жуытпай жатып алғың келеді. Шаруаң шаш етектен болып жатса да, қолыңды бір сермеп тастай сала, отырған орыныңнан тұра кеп, алды артыңа қарамай зуылдап бір жаққа кетіп қалғың келеді. Мұнан ештеңе де оңала қоймайды. Оңалмасың білсең де солай істегің келіп тұрады. Себебі, бір жеңілдеп қаласың. Рас айтам, жеңілдеп қаласың.