Жылан қайыс деген не?

Жылан қайыс деген не?
жеке
блог

Арада ұзаааақ уақыт өткенде қайтадан сандырақтап блог жазып отырмын. Тағы да шаң басып қалатын  шығар. Бірақ әзірге уақытым да, мүмкіндігім де бар. Сондықтан, тағы бір постымды қабыл алыңдар енді. Сол.

Бір замандарда бүкіл қазақ даласында кең тараған, баланың

жігіт болып, қолына қару ұстауға жарағанын айқындайтын салт болған екен. Кейіннен

ұмытылып, кей жерлерде мифологиялық жұрнақ ретінде ғана сақталып қалған.

Бұл жоралғының дүниеге келуі туралы «Жылан қабықты жігіт» атты көне аңыз

бар. Ертеректе бір кедейдің жалғыз ұлы болыпты. Бір күні далада келе жатқан бала «Әй,

адамның баласы, құтқар мені!» деген дауысты естиді. Байқап қараса, көмек сұраған

тастың астында мыжылып жатқан жылан екен. Бала оны құтқарады.

- Мен жер асты патшалығының патшасы Бапы ханның қызымын. Сен мені

өлімнен құтқардың. Енді мен сенің алдыңда қарыздармын. Ертең дәл осы уақытта осы

Ертеңінде бала айтылған уақытта әлгі жерге келсе, өзі құтқарған жылан оны күтіп

жатыр екен. Екеуі әлдебір үңгір арқылы жер асты патшалығына кетеді. Ол жақта да жер

бетіндегідей орман-тоғай, көл мен тау, қалалар мен далалар бар екен. Жылан баланы

алтындатып салынған әкесінің сарайына алып келеді. Сарайдың іші толған жылан екен.

Бала қорқып кетеді. «Қорықпа, олар Бапы ханның рұқсатынсыз ешкімге тиіспейді» деп

Тақта Бапы хан отырды. Ол баладан:

- Қызымды ажалдан алып қалғаның үшін сұрағаныңды беремін, қалауыңды

Бала «не берсеңіз де разы боламын» дейді. «Онда көзіңді жұм» дейді хан. Сөйтіп,

Бапы баланы жұтып, қайта сыртқа шығарады. Шығарғанда баланың үстінде сауыт-сайман

киіліп, сақадай сай тұрады. Сосын қайтадан «көзіңді жұм» дейді. Тағы бір рет жұтып,

түкіргенде бала толығымен сайланған, бойында қару-жарағымен бірге шығады.

- Тағы бір рет жұтасыз ба? – деп сұрады бала.

- Балам, егер мен сені тағы бір рет жұтсам, сенің бүкіл жан-тәнің темірге

айналады. Сен адамсың, адам болып қалуың керек. Сол үшін осыны қанағат тұт та, еліңе

қайт, - деп Бапы баланы еліне шығарып салыпты.

Бала екі рет өліп-тірілді. Сөйтіп, басқа адам болып,теміршілік өнерін

меңгерген, «жылан қабықты» болып туылды. Бапының ақ батасымен жауынгер атанды.

Оған Бапы «Жауынгер бол, бірақ жендет болма» деп өсиет етті.

Мәдениеттанушы Зира Наурызбаеваның айтуынша, Бапы бір замандарда

темірші ұсталар қасиет тұтатын, осы өнердің атасы сықылды образ болған. Сондықтан

жоралғы ұстаханада өткізіледі. Қазақтар 4 жасты «қоян мүшел» деп атайды. Жылан

қайыс осы жаста жасалады. Ұлдың ата-анасы баласын жетектеп, ұстаханаға келеді.

Қабырғаға әскери сауыт-сайман, қару-жарақ орналастырады. Мүмкіндік болса, шын қару-

жарақтың өзін қоюға тырысқан. Егер ондай жоқ болса, соның жай көшірмесі де болады.

Ұста үстіне жүннен тоқылған, жыланның терісіне ұқсас сұр шапан киіп алуы керек. Ұста

бала мен қару-жарақтың ортасына, балаға қарама-қарсы талтайып тұрады. Сосын бала

ұстаның аяғының астынан екі рет әрі-бері өтеді. Бірінші рет өткенде оған ата-анасы сауыт-

сайманды кигізеді. Екінші рет өткенде қолына қару-жарақты береді. Сосын ұста алақанын

біраз уақыт оттың үстіне ұстап тұрады да, қыздырып алған соң баланың бетін сипайды.

Кей кездері жоралғыны орындап болған соң ұл балаға басқа ат берілген.

Зира Наурызбаева:

"Қазақ салт-дәстүрінде ұсталық қолөнер және теміршінің өзі үлкен сакральды мәнге

ие. Олар кейде сиқыршылық, шамандық қызметтерді де атқарып отырған. Ал, баланы

екі аяқтың ортасынан өткізу көп халықтарда адамның қайта туылуымен байланысты

болып келеді. Мәселен, төре тұқымынан шыққан әйелді ауру кісінің үстінен аттатқызу

немесе баласы тұрмаған әйелдің баласын кемпірлердің екі аяғының астынан өткізу

сияқты ғұрыптарды көптеп мысалға келтіруге болады". 

сурет e-history.kz сайтынан