Жылан жылы жылжып барады

Мүмкіндігінше күнде Массагетте не жазылып жүргенін, кім қандай блог жазыпты бәрін оқып, біліп жүргем. Тап осы Массагеттің редакторы мен сияқты бәрін ақтарып, көріп, тексеріп шығам ғой)) Ал бүгін жұмыста қарбаласып, сүйікті сайтымызды ашуға мүмкіндік болмай жатқан. Өзіме кезексөз берілгенінне де хабарсыз екенмін. Түскі уақытта Гүлжан келіп, тоқтатып қоймай жалғастыр деп нұсқап жіберді. Шерхан ұсынған кезексөзді расында күтпеген ем, алғашқыда не жазам деп абдырап қалғаным рас.

Ал сонымен, жылан жылы да сырғып өте шығыпты. Жылқы жылына қадам басу үшін, өткенге есеп беріп, есімізді бір жинап алайық.

Ең керемет адам: Мені өмірге әкелген жан.

Жылдың үздік мекені: Өз үйім (4 жылда сағынып, біржола келуге әзер жеткенде)))

Жылдың үздік тағамы:  Мамамның кеспе көжесі.

Жылдың үздік сусыны: Онша ұнатпайтын колаға осы жылы әуестендім.

Жылдың үздік кеші: «Ұландық» достармен бас қосып, Бейсен аға Құранбекпен кездескен кеш.

Жылдық қызығушылық: Блог әлеміне қадам басып, блог жүргізе бастауым

Жылдың үздік сайты: Соңғы уақыттарда бірнеше сайтты іздеп жүріп оқыдым, бөліп-жарғым келмейді.

Жылдың үздік әншісі: Мақпал Жүнісова (бәзбіреулер оны «қара тізімге» іліктірсе де)

Жылдың үздік әні: Мен үшін марқұм нағашы атамның «Немерем» әні үздік болды. СҚО-да бір әнші шығарыпты, әулетте үлкен той еді (өзіміздің қуаныш болса да, бөлісейін дегенім ғой))

Жылдың үздік фильмі: «Evim sensin»

Жылдың үздік әртісі: Кемал Сунал (Шабан) (Биыл осы актердің фильмдерін көп көрдім)

Жылдың үздік кітабы: «Посмотри на меня» (Сесилия Ахерн) Жылдың үздік сыйлығы: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, радиожурналист Сауық апа Жақанова үйіндегі кітапханасынан 150 дана кітапты сыйлағаны (ол кісі менің туғаным да, туысқаным да емес. 4-курста бізге бір апта ғана сабақ беріп, мені жақсы көріп қалған екен))) Жыл жаңалығы: Айтарлықтай жаңалық болмапты, уақыт бірқалыпты өтуде. Жыл өкініші: Магистратураға өз мамандығыма емес, басқа мамандыққа тапсыруым (журналистикаға тапсырсам түсіп кетер мем деген ой ғой)) Танысу: Аралас-құралас адамдардың санынының артуы, әсіресе екінші блогқұрылтайдан кейін)) Жылдың үздік блогері: Айша Балтахаева Кусаинова  Эстафета таяқшасын өзім үздік деп таныған Айшаға ұсынамын!


Бөлісу: