Жылағысы келсе жылап алсын

Жылағысы келсе жылап алсын
жеке
блог

Мінезі бір мойын балалар сыртта төбелесіп қалып немесе ойнап жүріп жығылса, жәбірленсе, тістеніп төзімдік етеді, елдің алдында әрқашан жыламайды. Бірақ, үйге қайтып келіп жақындарына жолыққанда, сырттағы көрген жәбірі есіне түседі де, көз жасын көлдетеді. Бір мойын ересектерде де осындай жағдай болады. Мейлі қандай да бір жәбір-жапа көрсін, өзінің көз жасын, көңіл күйін жасырып, барлығын ішіне жұтады. Қарамақта қашанда көңілді жүрген сияқтанады. Бірақ, өзінің жақындарының алдында, тек ол адам өзінен ештеңесін жасырмайтын адам болса болғаны, әрқандай мен-мен деген бір беткей адамың да ұқсас көз жасын көлдетеді. Егер, біреу сенің алдыңда жыласа, ал ол әдетте әсте оңай-оспақ жылай салатын адам болмаса, онда ол сенің алдыңда қанғанша жылап алсын. Өйткені, жылап жатқан адамның көңілінде сен оның ең жақынысың! Біреудің сенің алдыңда жылағаны, сенің алдыңда күлгенінен көп жақсы. Күлу әркімнің-ақ қолынан келеді, бірақ, шын жылау, егіле көз жасын көлдету көп адамның қолынан келмейді...

Авторы: Сал-Сері(ник)