Жылаған жүрек...
блог
Мен бүгін құлазып отырмын. Жанарымнан тек мөлдір моншақтар үзілуде... Қалайша мұңаймайын сатқын жүрек бүгін мені тағыда қара жерге қаратты. Әншейінде үндемес жүрегім, сен үшін өрейпей қалғаны. Білем! Бүгін оның туған күні. Сен сүйген, сен сыңарым деп таныған сол бір бұрымдының жарық дүние есігін ашқан күні. Несіне жоқтап, несіне емеуренесің? Соншама бұлқынардай кімің еді соншама? Ешкімің! Ол енді сен үшін жат жан. Сендік сезім мен мейірімді енді қажетте етпейді. Сені қажет етпегенде сен оны қажет етемісің? Жасаған опасыздығын кешіре аламысың? Сол бір азапты сәттеріңді, қайғыға тола күндеріңді ұмыта аламысың? Жоқ, асте сенің дегенің бола қоймас. Енді мұнда орын жоқ...
Ызадан булығып жүрегімде ауырсына соғып жатқаны... Тыныс алуымда қиындай түсті. Менің қиналысымды көріп, өзінің дертін үдете түскені. Жас баладай жанымды азаптап жатқаны. Жанның жарасын тілгілеп, сыздаған дерттің енді қата бастаған қара қотыр жарасының қабыршықтарын бір талдап жұлып, қанды іріңін ағызып-ақ жатыр... Жүрегімнен қан, жанарымнан жас тамып... Жол шетіне отыра кеттім...