Жыл сайын желтоқсан айында «Спорт Жұлдыздары» журналының бас редакторы, елге белгілі журналист Мұсағали Тасқалив пен Қазақтың Спорт және Туризм академиясы бірігіп, еліміздегі спорт саласында жылдың үздіктерін анықтайтын жақсы бір дәстүрді қалыптастырып келеді. Биыл да айтулы шара сән-салтанатымен жоғары деңгейде өтті.
Өтіп бара жатқан тышқан жылында үздіктердің қатарында «Үздік облыстық денешынықтыру және спорт басқарамасы-2020», «Үздік қалалық денешынықтыру және спорт басқармаса-2020», «Үздік аудандық денешынықтыру және спорт басқармаса» және «Үздік спорт мектептері» белгілі болып, құрметпен марпататталды.Қазіргі таңда әлемді мазасыздандырып тұрған індет елімзге де ауыртпалығын тартқызып тұрғаны да айғақ. Сондықтанда, айтулы шара сақтансаң сақтайды-демекші, барлық сантитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілген еді. Өткен жылы айтуылы шараға қазақтың бітуар даңқты балуаны, олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыз бен олимпиада чемпионы Ермақан Ибраимовтар қатысып, «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсауы кесілуіне себепкер болған еді. Өкінішке орай, биыл Жақсылық ағамыздан айырылып қалдық. Алланың ісі солай болған шығар. Сондықтанда салтанатты шара Жақсылық ағамызды бір минуттық еске алумен басталды. Содан кейін, Қаз СТА-ның бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев құттықтау сөзімен айтулы шараның шымылдығын ашып бергеннен кейін, белгілі қаламгер Пернебай Дүйсенбин мен «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мұсағали Тасқалиев пен бірігіп жазған «Ұлт батырлары» кітабының тұсаукесерімен шара жалғасын тапты. Жылдың үздік спорт мектебі болып биыл жыл бойы тынымсыз,табанды еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жатқан Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі лайықты деп табылып, құрметпен марапатталды. Біріншіден,расыменде бұл мектепке бара қалсаңыз табылдырықты аттап басқаннан бастап, тәрбиелі, иманды жасұрпақты кездестіресіз. Қос қолын кеудесіне қойып, амандасқан жасөспірімдерге қарап, жаның жылып қоя береді. Екіншіден, білім мен спортты қабат алып жүрген дарынды жастардың алмаған белесі қаламағанына көзіңіз жетеді. Спорттың әр түрінен еліміздің ғана емес, Әлем, Еуропа, Азия жарыстарында жүлде алып, Қазақстанның атын шығарып жүрген туама таланттар бұл мектеп қабырғасында жетерлік. Үшіншіден, жағдай туғызылған жерде табыста көп күттірмесе белгілі. Айтулы мектептің жасөспірім дарында спортшыларының асқанасы, жатар жайы мен жаттығу алаңадары жаңа заман талабына сай бой көтеріп,ерекше көрініс тапқан.Осындай берекесі ұйыған мектеп-интернат колледждің «Жылдың үздік спорт мектебі» атағына толықтай лайықты еді. Сондықтанда Қазақтың спорт және Туризм академиясының шаңырағында өткен дүбірлі шараға К.Ахметов мектебі «Жылдың үздік мектеп-интернат колледжі-2020» атағына ие болып,салтанатпен марапатталды. Осындай құрметті марапатты, мектептің барлық жағынан дамуына орасан үлесін қосқан білікті басшы, іскер азамат Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры Сейілхан Бақтығалиұлы Қарақовқа, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы, КСРО-ның 8 дүркін чемпионы аты әйгілі желаяқ Әмин Тұяқов атамыз өз қолымен табыс етті. Сонымен қатар, «ЕР намысы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин ағамыз ,,Ұлы дала батыры,, деген орденді Сейілхан Бақтығалиұлының төсіне тақты. Осылайша, айтулы мектеп-интернат колледжі қос марапатқа ие болды. Бұл әрине жыл бойы басшылықтың дұрыс алған бағыты мен ұжымның жұмыла жасаған жұмысының жемісі деп білеміз. Адамның жақсылықтың жолында жасаған еңбегі ешқашан елеусіз қалмайтыны анық. Әсіресе, бала тәрбиесі асқан ыждақаттықпен, ыстық мейірімді талап етеді. Ойлай болса, К.Ахметов мектебінің шаңырағында дәріс алатын жасбуынның болашағы зор, алар асуы әлі алды. Ал, Жыл үздігі марапаты мектеп ұжымының шабытына шабыт қосып, одан да биік белестерге көтерілуіне мүмкіндік аша түседі.
Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ