"Жыл құстарын" білеміз бе?
блог
Елімізде 2006 жылдан бастап құстың белгілі түрі "Жыл құсы" аталып келеді.Оны Қазақстандағы Биологиялық Алуантүрлілікті Сақтау Қауымдастығы(ҚБАСҚ) мен Қазақстанның орнитолог ғалымдары ұсынып жүр.Мәселен,осындай ұсыныстар негізінде 2006 жыл-тарғақ,2007 жыл-қыстау қарлығашы,2008 жыл-тырна,2009 жыл-бозторғай,2010 жыл-кәдімгі қараторғай,2011 жыл-үлкен сарышымшық,2012 жыл-дала қыраны,2013 жыл-шиқылдақ қаз,2014 жыл-ақбас үйрек,2015 жыл-орамтұмсық,2016 жыл-жау торғай "Жыл құсы" атанды.
Ақбас үйрек — қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы.Қанатының ұзындығы 15-17 см, салмағы 500-900 г. Қоразы қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. Мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. Басқа үйректерден айырмашылығы жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. Ұясын терең сулардағы қамыс пен қоғаның арасына салады. Басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді.
Тарғақ-орташа пішінді дала балықшысы(салмағы 230г).Осы әдемі,сымбатты құстың негізгі ұялары қазақ далаларында орналасқан,Қыста жылы жаққа ұшып кетеді (қыркүйектен наурызға дейін).Жерде,шұңқырда орналасқан ұясында,сәуірде 4 шұбар жұмыртқаларын салады.Аталығы мен аналығы кезектесіп басып,3 аптадан кейін мамықты балапандары шығады да,ұяларын бірден тастап кете береді. Балапандары ересектері сияқты жәндіктермен,яғни шегіртке ,қоңыз және ауылшаруашылық зиянкестерімен қоректенеді,сөйтіп пайдасын тигізеді.Балапандары 1 айдан кейін ұшады.Қуаң Қазақстан далалары мен шөлдерінде болатын бұл құстың саны соңғы онжылдықта азайып барады.Сондықтан тарғақ Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және дүниежүзіндегі қорғансыз құстардың бірі болып есептеледі.
Қыстау қарлығашы - нағыз қарлығаштар тұқымдасына жататын құс. Дене тұркы шамамен 20 см-дей. Арқа жағы мен кеудесіндегі жолақ қара көк түспен алмасып тұрады, маңдайы мен тамағы сарғылт, қарыны әк немесе тат тәрізді. Шеткі бағдар қауырсындары жіңішке және серпімді өрметәрізді. Еуразияда, Солтүстік Африкада және Солтүстік Америкада тараған; ТМД-да барлық жерде кездеседі орманды тундрадан оңтүстіке далалық аймақтарға қарай. Шағын елді-мекендердің құрылыстарына ұя салады. Тостағанға ұқсас ұяларын төбеге іліп орналастырады. Балапандарын жаздың аяқ жағына қарай шығарады, оңтүстік аймақтарда екі рет, солтүстікте, бір рет.
Тырна. Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды.
Бозторғайлар – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар.
Кәдімгі қараторғай - торғайтәрізділер отряды, қараторғай тұқымдастарға жататын сайрауық құс.
Сарышымшық- ауылдан да, қаладан да кездестіруге болады. Қыс күндері ол терезенің алдына келіп алып: «Далада сақылдаған сары аяз, талғажау етер ештеңе жоқ. Құсқа жем шашар жәшік жасап ілуің керек еді, достым» - деп, өтініш айтқандай болады. Мұның есесіне жаздыгүні ол оңайлықпен көзге түсе қоймайды. Жақ жүндері аппақ осы бір тинемдей құс жаздың ұзақ күндері бір тыным таппайды, шиқылдаған балапандарына жем тасиды. Сары шымшықтың он беске дейін балапаны болады. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Ол ұясы мен алма ағашының арасында ерсілі-қарсылы ұшады да жүреді. Құрт таба қалса, балапандарына алып барады.
Дала қыраны– сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады.[1] 1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді.
Шиқылдақ қаз -Anser тұқымына жататын «сұр» қаздардың арасындағы ең кішкентайы. 30 жыл бұрын шиқылдақ қазды аулауға рұқсат берілсе, бүгінгі таңда бұл құс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде шиқылдақ қаздың саны 6-7 есе кеміген деген тұжырым жасалды. Қазіргі таңда шиқылдақ қаздың әлемдік популяциясының 99,9% Ресейде және 40 жұптан құралған кішігірім топ Норвегияның солтүстік шығысында қоныстанған. Әлемдік популяция саны шамамен 25-35 мың қазды құрайды. Шиқылдақ қаздың Еуропа елдерінен мүлде жоғалып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да бұл қаз түрінің табиғатта сақталып қалуы Ресей мен Қазақстандағы ұялау және қоныс аудару жолдарында атқарылатын сақтау жұмыстарына тікелей байланысты.
Жауторғай - торғайлар тұқымдасының ең кішкене денелі биологиялық түрі. Топтасып ұшатын құс.Салмағы - 17-28 г, дене тұрқы 12,5 — 14 см. Біршама ашық реңді, аталығы мен аналығын бірінен-бірін сырттай қарап ажы- рату қиын. Өзге торғайлардан айырмашылығы - басындағы қоңыр реңнің екі жағындағы ашық ақ реңктегі дөңгелек қара түсті теңбілінің болуы. Едәуір ірі денелі үй торғайдан айтарлықтай икемді, ал дауысы әлдеқайда жоғары және сыңғырлап естіледі. Ересек торғайлар аралас жеммен қоректенеді, ал балапандары тек қана бунақденелілерді жейді.