Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы
жеке
блог

Cәлем, Массагет! Жаңа жыл құтты болсын!  Жако берген эстафетаны жалғастырдым. Ойыма келген заттар осылар болды.

Жыл цитатасы: Кездейсоқтықтар кездейсоқ емес.

Жыл адамы: Әсем деген 9 айлық сіңлім J Бүкіл әлем соның айналасында.

Жыл таныстығы: Блогкэмпта көрген блогерлер.

Ең керемет күн: Астанадағы Жаңа жыл күндері, Блогкэмп, Бурабайдағы кеш, «Алматы – моя первая любовь» рестрофестивалі,  Италия мен Испанияда өткен күндерім, корпоратив кешіндегі бал маскарад.

Жыл жаңалығы: Алматыдағы қар. Сосын алдын болмаған «пробки».

Ең ыңғайлы транспорт: метро.

Жыл рестораны: DelPapa, Шоколадница

Орындалған арман: Европаға саяхат

Орындалмаған арман: Йогамен айналысу арман болып кетті...

Жыл әні: Glen Mederos  «Nothing is gonna change my love for you» (жаңа емес, өте ескі. Бірақ, өзім үшін осы жылы аштым), испанские мелодии

Үздік фильм: «Сумерки. Сага. Рассвет»

Өкініш: Бейбіт өмірде 1 жылда сонша қайғылы оқиға болды. Соғыс басталып кетер екен ба деп қорқып кетем...

Ең қуанышты сәттер: Лондондағы біздікілердің жеңісі.

Ең үздік блогер: Анар(Акзере) мен Аршат (asaubota)

Ең әдемі блогер (қыздардан): Айжан Кербез

Ең әдемі блогер (жігіттерден): Ешкім ойыма келмеді...

Жыл маникюры: француз маникюры

Жыл сериалы: Friends

Жыл гаджеті: Samsung Galaxy SIII

Ең жақсы киім: пуховик, угги

Жаңа жылдық жоспарлар: Азия елдеріне саяхат, жұмыстастарыма түсіністікпен қарап үйрену, эмоцияларға ерік бермеуді үйрену.

Эстафетаның жалғасын Айқаракөзге беремін.

Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда ұмытылмас сәттер, эмоциялар, тосынсыйлар көп болсын, бақыттан басымыз айналып, өзіміз үшін жаңа қызуғышылықтар ашайық.  Бізді қоршаған әлем күннен күнге жаңарып, жақындарымызды қуанта берейік!